ХАТТАМА № 34
2025 жылғы 6 наурыз Әйет ауылы
аудан мәслихатының
(сегізінші шақырылымының)
кезектен тыс сессиясы
Аудан мәслихаты төрағасының
өкілеттіктерін уақытша атқарушы – Н.С. Мурзагулов
Қатысқандар: 9 депутат (тізім қоса беріледі)
Шақырылғандар: Т.И. Кузьмина, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
Е.Б. Арестанбаев, аудан әкімі аппаратының терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы.
Төрағасының өкілеттіктерін уақытша атқарушы сессияның күн тәртібін бекіту туралы ұсыныс енгізді.
ШЕШІМ бірауыздан қабылданды (қоса беріледі)
Сессия регламенті бірауыздан бекітілді.
КҮН ТӘРТІБІ:
Баяндамашы – Нурлан Салимханович Мурзагулов, аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша атқарушы
Баяндамашы – Нурлан Салимханович Мурзагулов, аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша атқарушы
Баяндамашы – Татьяна Ивановна Кузьмина, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары
Баяндамашы – Татьяна Ивановна Кузьмина, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары
Баяндамашы – Ержан Беркеевич Арестанбаев, аудан әкімі аппаратының терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы

Н.С. Мурзагулов, Бейімбет Майлин ауданы «АМАNАТ»партиясы филиалының Саяси кеңесі бюросының 2025 жылғы 3 наурыздағы №001 PQ қаулысына сәйкес «АМАNАТ»партиясынан шығарылуына байланысты Н.С.Мурзагулов депутаттарды аудан мәслихатының депутаты Денис Александрович Мартиннің өкілеттігін жоғалту фактісін анықтау туралы ауданның аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 наурыздағы №4/4 қаулысымен таныстырды. Д.А.Мартиннің Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізді.
ШЕШІМ бірауыздан қабылданды.
Н.С. Мурзагулов депутаттарға мәслихаттың әрі қарай жұмыс істеуі үшін аудан мәслихатының сегізінші шақырылымының төрағасын сайлау қажет екенін айтты. Заңға сәйкес мәслихат төрағасы мәслихатқа есеп беретін және мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сайланатын тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады. Мәслихат төрағасының лауазымына кандидатуралар аудан мәслихатының депутаттарымен ұсынылады. Бастамас бұрын ашық дауыс беру процедурасын таңдады. Мәслихат төрағасының лауазымына Айгуль Сабиржановна Айтпаеваның кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру нәтижесінде депутаттардың жалпы санының көпшілік даусын алған кандидат осы лауазымға сайланған болып есептелетінін еске салды.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Қолдайды? -4, Қарсы? -0, Тартынып қалғандар? -0
Жанна Жумабаевна Калимоваға кім дауыс береді?
Қолдайды? -4, Қарсы? -0, Тартынып қалғандар? -0
Дауыс беру кезінде мәслихат депутаттарының дауыстары тең бөлінгенін ескере отырып, мен мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыра отырып, шешуші дауыс құқығын жүзеге асырамын, осыған байланысты Айгуль Сабиржановна Айтбаева Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының төрайымы болып сайланады.
Т.И. Кузьмина, аудан әкімдігінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №11 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар облыстық бюджеттен қаржыландырылатынына байланысты, осы саладағы мамандар лауазымы алынып тасталғанын хабарлады. Сәйкесінше мәслихат шешімінде сәйкес өзгерістер қабылдау қажет.
ШЕШІМ бірауыздан қабылданды.
Т.И. Кузьмина, 2025 жылы облыстың ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарын, кент, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті шешім қабылдау қажет екендігін хабарлады. Осы мақсаттарға бюджеттен 30 маманға 3932,0 мың теңге көтерме жәрдемақы және 14 маманға аудан орталығында тұрғын үй сатып алуға 9830,0 мың теңге, басқа елді мекендерге 7864,0 мың теңге бюджеттік несие бөлінді.
ШЕШІМ бірауыздан қабылданды (қоса беріледі).
5-8. ТЫҢДАЛДЫ:
Е.Б. Арестанбаев, кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімдігі жанындағы комиссияға тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
ШЕШІМ бірауыздан қабылданды (қоса беріледі).
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева
Аудан мәслихатының сегізінші
шақырылымының депутаттары