«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне сәйкес аудан мәслихаты ШЕШТІ:
Аудан мәслихатының төрағасы С. Сапабеков
Мәслихаттың
2023 жылғы «16» қаңтардағы
№ 167 шешімімен бекітілген
«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Егер «Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
2) міндеттері:
мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
мәслихат регламентіне сәйкес ауданы мәслихатының сессиясы және тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу;
депутаттарға мәслихат сессиялары шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулылары мен қорытындыларының жобаларын дайындауда көмек көрсету;
мәслихат сессияларының шешімдерін басып шығару және тарату;
мәслихат актілерінің құқықтық сараптамасын және оларды Әділет министрлігінде тіркеуді ұйымдастырады;
мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақтылы қарау және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
мәслихат сессияларында айтылған ұсыныстар мен ескертулердің есебін жүргізу және қорытындылау;
аудан мәслихаты төрағасының тапсырмасы бойынша мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, олардың өтініштерін орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;
мәслихаттың қарауына келіп түскен шешімдердің жобаларын қарау;
мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
9) Осы Заңның 24- бабының 1- тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру бастамашы болған мәселелер, мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Заңмен, мәслихаттың регламентімен және шешімімен қарастырылған, өзге бе өкілеттіктерді орындайды.
«Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.