Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасының 2024 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі
Аудан мәслихаты төрағасының есебін қарап, аудан мәслихаты 2024 жылы жұмыс мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатына және аудан мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мақсатты түрде жүргізілгенін атап өтті.
2024 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша аудан мәслихатының депутаттарының саны – 11.
Аудан мәслихатының депутаттары 2024 жылы 16 сессия өткізді, оның ішінде 4 кезекті және 12 кезектен тыс сессия. Аудан мәслихатының құзыретіне сәйкес есепті жылы мәслихаттың 63 шешімі қабылданды, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы - 20 (әділет органдарында тіркелген – 6, тіркеусіз қабылданған – 14). Ауданның, Тобыл кентінің және ауданның ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау-7 рет жүргізілді.
Мәслихаттар отырыстарының ашықтығы туралы заңнамалық талап іске асырылды, сессияның барлық отырыстары әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимінде таратылады.
Есепті кезеңде тұрақты комиссиялар барлығы 22 отырыс өткізді, лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды.
Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 21 депутаттық сауал жолданды.
Аудан мәслихатының атына 2024 жылы 10 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 5, заңды тұлғалардан - 5.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын және мәслихаттың 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 159 шешімімен бекітілген аудан мәслихаты регламентінің 36-тармағын басшылыққа ала отырып, аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева