Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 10-тармағы негізінде Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырыстарына қатысуға байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша құжаттар қабылданатынын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті Бейімбет Майлин ауданы мәслихатына Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60-үй, 52-кабинет, телефондары: 37229, 49031, пошталық индексі 111700 мекенжайы бойынша береді не tar-maslihat@mail.ru электрондық поштасына жібереді.
Өтініш 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 18.30-ге дейін жазбаша нысанда қабылданады.
Жұмыс тәртібі: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндері.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстары шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:
Отырыстар Қостанай облысы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60-үй, 52-кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі, жұмыс телефондары: 37229, 49031.