Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 4, 5, 6, 7-тармақтары негізінде Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін және Жұмыс тобының құрамына кандидаттардан құжаттар қабылданатынын хабарлайды.
Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты төрағасының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 28 өкімімен жұмыс тобының сандық құрамы – 7 адам болып белгіленді. Жұмыс тобының құрамында өкілдік ету мемлекеттік органнан – 2 (екі) адам, азаматтық қоғамнан – 5 (бес) адам.
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60-үй, 52-кабинет, телефондары: 37229, 49031, пошталық индексі 111700 мекенжайы бойынша береді немесе tar-maslihat@mail.ru электрондық мекенжайына жібереді:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтаманы;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтаманы;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат 3) және 4) тармақшаларда көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Аталған құжаттар 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 18.30-ге дейін жазбаша нысанда қабылданады.
Жұмыс тәртібі: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндері.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Кандидаттар тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстары шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:
Отырыстар Қостанай облысы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60-үй, 52-кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі, жұмыс телефондары: 37229, 49031.