Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 «Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173-10 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне немесе әкімшілік актісіне негізделген өкілеттік бойынша оның өкілі) тоқсанына бір рет «Азаматтарға арналған Үкімет» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жүгінеді немесе Ережеге сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
13 ноября 2024