«Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімнің жоба

Аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5510 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).»

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
20 декабря 2023