« 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы No 26 шешімі

ШЕШІМ             № 26          2023 жылғы  19 мамыр

 

 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының  1) тармақшасына сәйкес, 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті тыңдай келе, аудан мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп мынадай көлемдерде бекітілсін

1) кірістер бойынша– 5 319 457, 1  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –3 022 579, 8 мың теңге (104, 5 пайыз);

салықтық емес түсімдер – 38 117, 3 мың теңге (110,4 пайыз);

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 31 395, 5 мың теңге   (126,1 пайыз);

трансферттер түсімдері - 2 227 364, 6 мың теңге (100,0 пайыз);

2) шығындар бойынша - 5 193 182, 6  мың теңге (100,0 пайыз);

3) таза бюджеттік кредиттеу -   62 626, 2  мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 134 161,9  мың теңге (100,0 пайыз);

бюджеттік кредиттерді өтеу –   71 535, 8  мың теңге (123,3 пайыз);

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0  мың теңге;

5) бюджет  тапшылығы (профициті)– 63 648, 3  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) -   -63 648,3 мың теңге.

Есептік жылдың соңына бюджет қаражаттарының бос қалдықтары  153 400, 9 мың теңге құрайды.

  1. 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының ресми интернет ресурсында жариялансын.
  2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                       

Аудан мәслихатының төрағасы                                      Д. Мартин

« 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы No 26 шешімі
Дата публикации
29 мая 2023