Отчет о реализации бюджетных программ  ГУ «Аппарат мәслихаты ауданы Беймбета Майлина» 2021 жылға

«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ  2021 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепке түсіндірме хат

112001 «Аудан  мәслихатының  жұмысын қамтамасыз ету бойынша  қызметтер (облыстық маңызы бар қалалар)»

«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Есептік жылда қаржыландыру жоспары бойынша лимит  23352,9 мың теңге бекітілді. Кассалық және іс жүзіндегі шығындар  23351,8  мың теңге, орындалу пайызы  99,995%. Игерілмей қалған қаражат 1,053 мың теңге дөңгелектеуге байланысты.

2020 жылы бюджеттік бағдарлама бойынша жоспар бойынша бекітілді 17880,0 мың теңге бекітілді, кассалық және нақты шығын 17879,2 мың теңгені құрады, орындалу пайызы 99,99%.

2019 жылы бюджеттік бағдарлама бойынша жоспар бойынша бекітілді 16443,5 мың теңге, кассалық және нақты шығын 16442,7 мың теңге. орындалу пайызы 99,99%.

2021 жылға арналған бағдарлама бойынша жоспарланған    іс-шаралар, толығымен орындалды.  Штаттық саны 6 бірлік  болатын аудандық мәслихат аппаратының жұмысы қамтамасыз етілді. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын қызметкерлердің еңбегін төлеу бойынша жұмыс уақтылы жүргізілді: қызметкер саны 2,25 бірл.

Дебиторлық және кредиттік берешек жоқ.

Ай сайынғы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының динамикасы көрсеткендей, жоспарланған шараларды орындауда ауытқу жоқ.

Жыл ішінде кредиторлық берешекті болдырмау себебі бойынша ерекшеліктер арасында теңгеру жүрді.

Осылайша, бюджеттік бағдарлама осы бағдарламаның тиімділігін бағалаудың барлық өлшемдерін қанағаттандырады. Бақылау органдарымен 2021 жылы тексеріс жүргізілмеді.

1122003 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары»

Есептік жылы  аппаратқа 1122003 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бағдарламасы бойынша – 200,9 мың теңге қаржыландыру лимиті бекітілді, кассалық және нақты шығын 200,9 мың теңгені құрады, орындалу пайызы 100%.

2021 жылға арналған осы  бағдарлама бойынша жоспарланған    іс-шаралар, толығымен орындалды.  Сатып алынды: жүйелік блок -107,8 мың теңге ,МФУ-93,1 теңге.

Осылайша, бюджеттік бағдарлама осы бағдарламаның тиімділігін бағалаудың барлық өлшемдерін қанағаттандырады.

Аудан  мәслихатының  хатшысы                           С.Сапабеков           

Әдіскер                                                                       Л.Преймакова

 

Отчет о реализации бюджетных программ  ГУ «Аппарат мәслихаты ауданы Беймбета Майлина» 2021 жылға
Дата публикации
10 января 2022