Аудан мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары

Мәслихаттың

2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 82

шешімімен бекітілген

 Аудан мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары

Кезекті  сессиялар 

Мәселенің атауы

I тоқсан

 

1.  Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты хатшысының 2021 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі.

2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы

3. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы бойынша 2021 жылғы қорытынды мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы туралы.

II тоқсан

 

1. 2021 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы.

2. Бейімбет Майлин ауданы  Тобыл кентінің, ауылдық округтерінің 2021 жылға арналған бюджеттері туралы 

3. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы

III тоқсан

 

1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы аудан әкімінің есебі.

2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы

IV тоқсан

 

1. Бейімбет Майлин ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.

2. Аудан мәслихатының 2022 жылғы тұрақты комиссия жұмысының қорытындылары туралы

3. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы

Бюджет, экономика, әлеуметтік саланы және кәсіпкерлік қызметін дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы 

I тоқсан

1. Ауданның автомобиль жолдарының жағдайы және оларды күтіп ұстауды жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы.

II тоқсан

1. 2021 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы.

2. Бейімбет Майлин ауданы  Тобыл кентінің, ауылдық округтерінің 2021 жылға арналған бюджеттері туралы 

III тоқсан

 

1. Ауылдық округ аумағын абаттандыру, көгалдандыру және күтіп ұстаудың жай-күйі және жақсарту шаралары туралы (көшпелі).

2. Аудан аумағында үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы.

IV тоқсан

 

1. Бейімбет Майлин ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетінің жобасы  туралы.

Жастар, заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті және өзін-өзі басқармасын дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

I тоқсан

1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аудан аумағында іске асыру қорытындылары туралы.

II тоқсан

1. Аудан аумағында короновирус инфекциясын алдын алу туралы.

2. Азаматтық қоғам бастамалары бойынша еріктілер жұмысы туралы.

III тоқсан

1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі инспекторының ауданның мемлекеттік органдарының азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы есебі.

2. Тобыл кентінің жергілікті қоғамдастығымен өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беру.

IV тоқсан

1. Тілдерді оқыту орталығының жұмысы туралы.

Аудан мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары
Дата публикации
14 ноября 2022