Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 
  • Егер Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем болмауға; 
  • Қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуға және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар
Дата публикации
14 ноября 2022