2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы

2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы

 жылдық есебін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының                1) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті тыңдай келе, аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп мынадай көлемдерде бекітілсін

1) кірістер бойынша – 7 671 518,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 318 357,3 мың теңге (103,5 пайыз);

салықтық емес түсімдер – 69 405,3 мың теңге (307,4 пайыз);

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 639,9 мың теңге (102,5 пайыз);

трансферттердің түсімдері – 3 268 116,5 мың теңге (100,0 пайыз);

2) шығындар бойынша – 7 829 237,2 мың теңге (98,1 пайыз);

3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 867,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 128 417,0 мың теңге (100,0 пайыз);

бюджеттік кредиттерді өтеу – 126 549,6 мың теңге (108,3 пайыз);

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -159 585,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 159 585,7 мың теңге.

Есепті жылдың соңындағы бюджет қаражатының бос қалдығы 359 575,6 мың теңгені құрайды.

  1. Мемлекеттік мекемелердің басшыларына ұсынылсын (бұдан әрі ММ):

1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ:

бюджеттік жоспарлау сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін, кіріс бөлігін нақты түсімдер серпіні, салықтық әлеуетті талдау негізінде қалыптастыруды және бюджетті орындау барысында жоспарлы көрсеткіштердің елеулі ауытқуына жол бермеуді қамтамасыз етсін.

2) «Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ:

- салық базасына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етсін, жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және көлік құралдары бойынша деректерді салыстыруды ұйымдастырсын;

- салықтар бойынша берешекті азайту және артық төлемдерді реттеу жөнінде шаралар қабылдасын, берешектің пайда болу себептеріне талдау жүргізуді, борышкерлермен жұмысты күшейтуді, сондай-ақ артық төлем көлемін азайтуды қамтамасыз етсін.

3) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ:

«Тобол» МКК қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, іске асырсын, кәсіпорын шығындарын оңтайландыруды, қызмет тиімділігін арттыруды, оның ішінде тарифтік саясатты қайта қарау арқылы бюджеттік қаржыландыруға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз етсін.

  1. Енгізілген ұсынымдарды қарау туралы ақпаратты 2026 жылғы 1 қазанға дейін Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру бөліміне ұсынсын.
  2. Осы шешім Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                 

Аудан мәслихатының төрағасы     ​                               Б. Ахметов

Дата публикации
26 мая 2026