GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәслихат сессиялары
30 сентября 2026
Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті 35-сессиясы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті 35-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ шақырылған азаматтар қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі болды. Баяндаманы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов жасады.

Сондай-ақ ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі қаралды. Тұрақты комиссияның мүшесі Асель Амангелдіқызы Ижанова баяндама жасады.

Сонымен қатар депутаттар Бәйтерек ауданы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады.

"Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережелері бекітілді.

Бұдан бөлек, депутаттар аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелерін қарады. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданының терроризмге қарсы комиссиясының, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Бәйтерек ауданы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1456148939665446

Мәслихат сессиялары
21 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы

Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезекті 35 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.

Басталуы: 2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 11 : 00-де.

  

 

Бәйтерек ауданы  мәслихаты  төрағасының  шешімі

  

Переметный ауылы                           №35                2026 жылғы 21  қыркүйек

 

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

сессиясын шақыру туралы                                      

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына  сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бәйтерек ауданы мәслихатының   кезекті   35-ші сессиясы  2026  жылдың 30 қыркүйекте  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  сағат 11:00-ге  шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын  мәселелер:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  2. Ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі  туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

  

           Мәслихат төрағасы                                     Н.Хайруллин

Сайлау
04 сентября 2026
Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы Бәйтерек ауданы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы

Бәйтерек ауданы мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихаты Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамдарындағы бос орындар туралы хабарлайды.

Саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан құрылатын сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 4 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, мына мекенжай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, №4 кабинет.

Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты:
Бәйтерек ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Ескендиров Е.Ж.
Байланыс телефоны: 8 (71130) 2-26-33.

Округтік сайлау комиссияларының құрамдарында мынадай бос орындар бар:

  • Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
    Орналасқан жері: Переметный ауылы.
  • Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №7 округтік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
    Орналасқан жері: Дариян ауылы.
  • Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10 округтік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
    Орналасқан жері: Достық ауылы.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында мынадай бос орындар бар:

Учаскелік сайлау комиссиясының №

Бос орындар саны

Орналасқан жері

№ 156

1

Переметный ауылы

№ 158

1

Қаражар ауылы

№ 162

1

Зеленое ауылы

№ 163

1

Егіндібұлақ ауылы

№ 170

1

Белес ауылы

№ 171

2

Щапов ауылы

№ 172

1

Ақсу ауылы

№ 173

1

Өркен ауылы

№ 174

2

Көшім ауылы

№ 175

1

Үлкен Шаған ауылы

№ 177

1

Янайкин ауылы

№ 181

1

Озерное ауылы

№ 184

1

Январцев ауылы

№ 185

1

Кирсанов ауылы

№ 190

1

Чиров ауылы

№ 193

1

Құрманғазы ауылы

№ 194

2

Аманат ауылы

№ 195

1

Володар ауылы

№ 205

2

Садовое ауылы

№ 207

1

Асан ауылы

№ 210

1

Октябрьск ауылы

№ 217

1

Сырым батыр ауылы

№ 243

1

Достық ауылы

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ құрылатын сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 4 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер.
  2. Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді.
  3. Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің және кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерінің нысандары Бәйтерек ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамын бір ұйымның қызметкерлері құрамауға тиіс, бұған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сайлау учаскелерін құру жағдайлары қосылмайды.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар (бала асырап алушылар), асырап алынғандар (асырап алынған балалар), туған және туыстығы бір және бір емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуға, мөрмен расталуға және олардың орындалған күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөнінің бас әріптері және телефон нөмірі көрсетілуге тиіс.

 

Мәслихат төрағасы                                      Н. Хайруллин

Мәслихат сессиялары
19 июня 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті 34 сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 34 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Токжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

2025 жылғы аудан және ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептер бекітілді, аудан және Январцев ауылдық округі бюджеттеріне өзгерістер енгізілді.

" Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының базалық мөлшерлемесін келісу туралы" мәселені және басқа да мәселелерді қаралды.

Барлық 29 мәселе аудандық мәслихаттың кезекті 34 сессиясында қаралып, бекітілді.

Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook https://www.facebook.com/100031841144880/videos/990134023921033

Тұрақты комиссиялар
19 июня 2026
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

         Күн тәртібінде:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының отыз төртінші кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы:  Гулжан Айткалиевна Сейтмулдина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. 2025 жылғы Атамекен ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  2. 2025 жылғы Байқоныс ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  3. 2025 жылғы Бейбітшілік ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  4. 2025 жылғы Белес ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  5. 2025 жылғы Дариян ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  6. 2025 жылғы Достық ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  7. 2025 жылғы Егіндібұлақ ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  8. 2025 жылғы Зеленов ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  9. 2025 жылғы Көшім ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  10. 2025 жылғы Құрманғазы ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  11. 2025 жылғы Макаров ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  12. 2025 жылғы Махамбет ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  13. 2025 жылғы Мичурин ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  14. 2025 жылғы Переметный ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  15. 2025 жылғы Раздольный ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  16. 2025 жылғы Рубежин ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  17. 2025 жылғы Сұлу көл ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  18. 2025 жылғы Чиров ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  19. 2025 жылғы Шалғай ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  20. 2025 жылғы Щапов ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  21. 2025 жылғы Янайкин ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  22. 2025 жылғы Январцев ауылдық округі  бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы:  Гулжан Айткалиевна Сейтмулдина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №29-2 «2026-2028 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының бюджеті туралы» туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:  Гулжан Айткалиевна Сейтмулдина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №29-24 «2026-2028 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Гулжан Айткалиевна Сейтмулдина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-3  «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

Баяндамашы:  Шолпан Салыковна Утегалиева – аудандық мәслихат аппараты басшысының м.у.а.

  1. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының базалық мөлшерлемесін келісу туралы.

Баяндамашы: Гулжан Айткалиевна Сейтмулдина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Жер комиссиясы туралы.

Баяндамашы: Александр Сергеевич Полежаев - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

 

Барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезекті 34 сессиясын бекітуге жолданды.

Мәслихат сессиялары
08 июня 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы

Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезекті 34 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.

Басталуы: 2026 жылғы 19 маусым  сағат 11 : 00-де.

  

 

Бәйтерек ауданы  мәслихаты  төрағасының  шешімі

  

 

Переметный ауылы                           №34                   2026 жылғы  8 маусым

  

Аудандық мәслихаттың кезекті

сессиясын шақыру туралы                                      

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына   сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бәйтерек ауданы мәслихатының   кезекті  34-ші сессиясы  2026  жылдың  19 маусымда  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  сағат 11:00-ге  шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын  мәселелер:

  1. Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  2. Ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

  

           Мәслихат төрағасы                                     Н.Хайруллин

Сайлау
03 июня 2026
Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы Бәйтерек ауданы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихаты Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды.

Саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан құрылатын сайлау комиссияларына қатысты ұсыныстарды аудандық мәслихат 2026 жылғы 3 маусымнан бастап 2026 жылғы 18 маусымға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жұмыс уақытында мына мекенжай бойынша қабылдайды: Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, №4 кабинет.

Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.К.Тулепкалиев, байланыс телефоны 87113022633.

         Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында мынадай  бос орындар бар:

- №157  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Калинин ауылы.

- №167  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында -2 бос орын.

Орналасқан жері: Шалғай ауылы.

- №170  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында -1 бос орын.

Орналасқан жері: Белес ауылы.

- №179  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Дариян ауылы.

- №185  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Кирсанов ауылы.

- №190  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Чиров ауылы.

- №202  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 7 бос орын.

Орналасқан жері: Асан ауылы.

- №207  учаскелік сайлау комиссиясының құрамында - 1 бос орын.

Орналасқан жері: Асан ауылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 3 маусымнан бастап 2026 жылғы 18 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

 

                 Мәслихат төрағасы                                      Н. Хайруллин

Мәслихат сессиялары
29 апреля 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Токжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1448003099738105

Тұрақты комиссиялар
29 апреля 2026
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.

         Күн тәртібінде:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының отыз үшінші кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:  Багдат Бибетович Халденов - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы  № 25-2 «Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

Баяндамашы:  Шолпан Салыковна Утегалиева – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы   № 11-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының  құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу  туралы.

Баяндамашы:  Шолпан Салыковна Утегалиева – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.

Барлық мәселелер қаралып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясын бекітуге жіберілді. 

Сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А. Сейтмулдинаны "2025 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" тыңдады.

 

Мәслихат сессиялары
24 апреля 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.

Басталуы: 2026 жылғы 29 сәуір  сағат 11 : 00-де.

 

 

Бәйтерек ауданы  мәслихаты  төрағасының  шешімі

   

Переметный ауылы                           №33               2026 жылғы  24  сәуір

  

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

сессиясын шақыру туралы                                      

 Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 - бабына    сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бәйтерек ауданы мәслихатының   кезектен тыс   33-ші сессиясы  2026  жылдың 29 сәуірінде  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  сағат 11:00-ге  шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын  мәселелер:

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Басқа да мәселелер.

 

           Мәслихат төрағасы                                     Н.Хайруллин

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы