Меню

Страницы

Статья

Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес отырысының алдында аудан әкімі М.Л.Токжанов Алғыс айту күнімен және Қоғамдық кеңес жұмысының басталуымен құттықтап, бұрынғы шақырылған Қоғамдық кеңес төрағасы М.С. Утешевке алғыс айтып, шапан мен алғыс хат табыс етті.

Қоғамдық кеңес отырысын жұмыс тобының төрағасы Г.А.Терехов ашты.

Қоғамдық кеңес құрамында жұмыс істеуге ниет білдірген және конкурстан өткен 15 адам кірді.

Күн тәртібінің басты мәселелері-ұйымдастырушылық сипатта.

1.Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау туралы.

2.Қоғамдық кеңестің хатшысын сайлау туралы.

3.Қоғамдық кеңес Төралқасын сайлау туралы.

4.Қоғамдық кеңестің ережесін бекіту туралы.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Виктор Георгиевич Железновтың және Қоғамдық кеңестің хатшысы Зинат Саминовна Бикееваның кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.

Кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы сенім білдіргені үшін ризашылығын білдіріп, Қоғамдық кеңес мүшелерін одан әрі бірлескен қызметке шақырды.

Қоғамдық кеңестің 5 адамнан тұратын Төралқасы сайланды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже негізінде Қоғамдық кеңестің ережесі бекітілді.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

21 апреля 2026
Аудандық мәслихат депутаттары
Қоғамдық кеңес
21 апреля 2025
Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Ақпарат
19 февраля 2024
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы