ХАБАРЛАНДЫРУ
Бәйтерк ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа қатысу үшін кандидаттар «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сай болу қажет, атап айтқанда:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланғаннан күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде, мына мекенжайға ұсыну қажет: Бәйтерек ауданы мәслихаты, 090600, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139 үй, №6 кабинет, телефон 22633, 23504, электрондық пошта: zelmaslihat@mail.ru
Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы