Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихат шешімдері - 2015 жыл


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы № 39-7 2015 жылғы 24 желтоқсан

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2016 жылға арналған жұмыс

жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жалғанған Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2015 жылғы 24 желтоқсандағы

№39-7 шешімімен бекітілген

 

Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары

 

1 тоқсан

1. Аудандық мәслихат хатшысының атқарылған жұмысы туралы есебі.

2. Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.

3. Ауылды және аграрлық саясатты дамыту, экология, табиғатты пайдалану және техногендік процестер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.

4. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2015 жылдың жұмыс қортындысы және 2016 жылға қызметі туралы.

6. Зеленов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

7. Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіліктердің орындалуы туралы есебі.

 

2 тоқсан

1 2015 жылға аудан бюджетінің орындалуы туралы.

2. Зеленов ауданында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру шаралары туралы.

3. Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіліктердің орындалуы туралы есебі.

 

3 тоқсан

1. 2. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі «Зеленов ауданының 2014-2018 жылдарға арналған даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерді дамыту іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №27-5 шешімін орындау барысы туралы.

2. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

3. Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіліктердің орындалуы туралы есебі.

 

4 тоқсан

1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

2. Зеленов аудандық мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

3. Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіліктердің орындалуы туралы есебі.

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

 

Переметный ауылы №39 - 6 2015 жылғы 24 желтоқсан

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 қыркүйектегі №27-13

«Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы

кәмелетке толмағандардың істері және

олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

комиссиясының дербес құрамын бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №8.1-5/1211 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27-13 «Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамынан:

Ахметова Надия Абриковна - «Зеленов аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, комиссия мүшесі;

Дусалиев Серик Тлеугалиевич - Зеленов аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері, комиссия мүшесі;

Камбетов Медхат Мусаевич - Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесінен шығарылсын;

комиссия құрамына:

Ахметжанова Бибигуль Мендигалиевна - Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;

Имангалиева Индира Жумабековна - Зеленов аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері, комиссия мүшесі;

Мусагалиев Темур Капезович - «Зеленов аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, комиссия мүшесіне (келісімі бойынша) енгізілсін.

2. Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №39- 5 2015 жылғы 24 желтоқсан

 

 

Зеленов ауданы әкімдігі жанынан

шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру

кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 8.1-5/1212 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов ауданы әкімдігі жанынан шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы аталған шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2015 жылғы 24 желтоқсандағы

№39-5 шешіміне қосымша

 

Зеленов ауданы әкімдігі жанынан шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы

Жакупов

Карим Каримуллинович

 

-

Зеленов ауданы әкімі, кеңес төрағасы;

Бекболатов

Еркин Насипкалиевич

-

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зеленов аудандық бөлімінің бастығы, кеңес төрағасының орынбасары (келісімі бойынша);

Умбеткалиев

Фархат Маликович

-

Зеленов аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі бас инспекторы, кеңес хатшысы;

 

кеңес мүшелері:

 

Тугузбаев

Амангельды Каримович

 

-

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;

 

Аширов

Марат Бахытович

-

«Шаған» шекара комендатурасы комендантының орынбасары (келісімі бойынша);

 

Байтуров

Жандос Токтасынович

-

«Шаған» шекара комендатурасы комендантының орынбасары (келісімі бойынша);

 

Досмухамбетов

Кайсар Мухтарович

-

«Шаған» шекара комендатурасының коменданты (келісімі бойынша);

Закиров

Абай Габдулаевич

 

«Погодаев» шекара заставасының бастығы

(келісімі бойынша);

 

Исембаев

Марат Нурланович

-

«Мұқатай» шекара заставасының бастығы

(келісімі бойынша);

 

Исмагулов

Рамазан Тастаевич

 

-

Зеленов аудандық мәслихатының хатшысы (келісімі бойынша);

Куанышкалиев

Еркин Сабидуллинович

 

-

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша);

 

Метанов

Арман Сайранович

 

«Орал» шекара застава бастығының міндетін уақытша атқарушы (келісімі бойынша);

 

Панасюк

3

Дмитрий Викторович

-

«Шаған» шекара комендатурасы

 

комендантының орынбасары (келісімі бойынша);

 

Муханов

Медет Уалиханович

-

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зеленов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы (келісімі бойынша).

 

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №39-4 2015 жылғы 24 желтоқсан

 

 

В.К.Шохинаға «Зеленов

ауданының құрметті азаматы»

атағын беру туралы

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 18 тамыздағы №13-9 «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» шешіміне сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №7-30/1218 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Зеленов ауданының құрметті азаматы» атағы мемлекет, саяси және қоғам қайраткері Вера Кузьминична Шохинаға берілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №39-3 2015 жылғы 24 желтоқсан

 

 

А.С.Айтимовке «Зеленов

ауданының құрметті азаматы»

атағын беру туралы

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 18 тамыздағы №13-9 «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» шешіміне сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №7-30/1218 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Зеленов ауданының құрметті азаматы» атағы мемлекет, саяси және қоғам қайраткері Аксерик Сарыевич Айтимовке берілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

(БҚО Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4219 болып тіркелді)

 

Переметный ауылы №39-2 2015 жылғы 30 желтоқсан

 

 

2016-2018 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 5 418 294 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 118 986 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 30 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21 616 мың теңге;

трансферттер түсімі - 4 277 662 мың теңге;

2) шығындар - 5 418 294 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 263 251 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 302 243 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 38 992 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 263 251 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 263 251 мың теңге:

қарыздар түсімі - 302 243 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 38 992 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

2. 2016 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және осы шешімнің 4, 5 тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11, 12, 14, 15 - баптары қатерге және басшылыққа алынсын:

1) 2016 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 573 876 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 7 923 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 215 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыздандыру нормаларын көбейтуге - 9 206 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға - 5 064 мың теңге;

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сондай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге - 1 165 185 мың теңге;

әкімшілік мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға - 82 600 мың теңге;

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға - 1 440 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттерге - 302 243 мың теңге;

2) 2016 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 138 029 мың теңге көлемінде ескерілсін, соның ішінде:

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге - 12 382 мың теңге;

патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға - 27 178 мың теңге;

ауданның білім беру ұйымдарына бейнебақылау жүйесін орнатуға - 8 000 мың теңге;

жалпы білім беретін мектептер мен колледждерге компьютерлер сатып алуға - 19 776 мың теңге;

жергілікті бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерге - 28 693 мың теңге;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 42 000 мың теңге.

4. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеуге сомасы 38 992 мың теңге қарастырылсын.

5. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2016 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% есепке алынады;

2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% есепке алынады.

6. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

7. 2016 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 10 990 мың теңге көлемінде бекітілсін.

8. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру белгіленсін.

9. 2016 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқару үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

10. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

11. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымша

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихаттың шешімі

 

(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4201 болып тіркелді)

 

Переметный ауылы №39-1 2015 жылғы 24 желтоқсан

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№30-2 «2015-2017 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №29-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4167 тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1- тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кірістер - 4 952 933 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 381 734 мың тенге;

салықтық емес түсімдер - 3 340 мың тенге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 64 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 3 503 859 мың теңге;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шығындар - 4 967 501 мың теңге;»;

3-тармақта:

1) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 474 711 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 156 мың теңге;»;

он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға - 690 мың теңге;»;

он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға - 3 101 мың теңге;»;

2) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 312 868 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдауға - 21 306 мың теңге;»;

мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Переметный ауылының аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуге - 82 280 мың теңге.»;

7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 25 500 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі


Переметный ауылы №38-3 2015 жылғы 10 желтоқсан

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 қыркүйектегі №27-11

«Аудан әкімдігінің дербес құрамы

туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 8.1-5/1119 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі «Аудан әкімдігінің дербес құрамы туралы» №27-11 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аудан әкімдігінің дербес құрамынан шығарылсын:

Амангалиев Акылбек Темиржанович - Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;

аудан әкімдігінің дербес құрамына енгізілсін:

Аманжол Рафилбек Аманжолұлы - Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.

2. Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

 



Зеленов аудандық мәслихатының шешімі


Переметный ауылы №38-2 2015 жылғы 10 желтоқсан

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік

сайлау комиссияларының құрамын

сайлау туралы» № 24-3 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос орындарына сайлау туралы» есептік комиссияның №3 хаттамасы бекітілсін.

2. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №24-3 шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

учаскелік сайлау комиссиялары құрамының бос орындарына келесі мүшелер сайлансын:

№156:

Абдесов

Серик

Нигметович;

№163:

Алхамова

Данагул

Тлековна;

№164:

Ажигалиев

Марат

Джардемгалиевич;

 

Гутарёва

Марина

Викторовна;

 

Кадырова

Акмарал

Булатовна;

 

Клименко

Алексей

Захарович;

 

Таубаева

Аккенже

Куанышкалиевна;

 

Утегенова

Айымгул

Абзаловна;

 

Утебалиев

Алтынбек

Шапигуллинович;

№171:

Тажгалиев

Кобланбек

Каримович;

№173:

Елемесова

Гаукар

Исенбаевна;

№174:

Никитина

Гульмира

Иждихатовна;

№179:

Горячева

Светлана

Павловна;

№180:

Мукаева

Айнур

Хуатовна;

№183:

Чикеева

Жумагыз

Мурзагереевна;

№197:

Дюсемалиев

Асланбек

Булатович;

№198: Елемесова Гулжайсан Исенбаевна;

Жантуриева Дина Манабаевна;

Сарсенгалиева Баянслу Жексеновна;

№199: Ибатова Динара Маратовна;

Мартынова Надежда Ивановна;

№202: Бирюкова Валентина Валентиновна;

№205: Жайманова Баршын Мерекеевна;

№206: Бекбаева Эльмира Досымжановна.

 

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 



Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №38-1 2015 жылғы 10 желтоқсан

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-2 «Аудандық

мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

округтік сайлау комиссияларының

құрамын сайлау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос орындарына сайлау туралы» есептік комиссияның №2 хаттамасы бекітілсін.

2. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №24-2 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары құрамының бос орындарына келесі мүшелер сайлансын:

 

№1 Кажигалиева Лаззат Майдановна;

№5 Жумашева Арайлым Нурболатовна;

 

№10 Карашева Карашаш Елюсызовна;

№11 Мановицкая Светлана Юрьевна;

№12 Куспанов Махмут Отаргалиевич.

 

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


 

Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №37-4 2015 жылғы 4 қараша

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 қыркүйектегі №27-13

«Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы

кәмелетке толмағандардың істері және

олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

комиссиясының дербес құрамын бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 қазандағы №125 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27-13 «Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

комиссия құрамынан:

Сергазиев Марат Тасеменович - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Байтурсина Назгуль Сафаргалиевна - аудандық білім беру бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық мәселелері бойынша бас маманы, комиссия мүшесі;

Есеналиева Балжан Жеткеновна - аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, комиссия мүшесі;

Мамбетов Адильхан Сельбаевич - аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полициялық бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, комиссия мүшесінен (келісім бойынша) шығарылсын;

комиссия құрамына:

Мукатов Куаныш Кубашевич - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Исмагулова Гульнар Рамазановна - аудандық білім беру бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық мәселелері бойынша сектор меңгерушісі, комиссия мүшесі;

Дусалиев Серик Тлеугалиевич - аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері, комиссия мүшесі;

Туксабиева Аида Исхаповна - аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полициялық бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, комиссия мүшесі;

Ешмұратов Нұржан Сайлаубекұлы - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, комиссия мүшесіне енгізілсін.

2. Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №37-3 2015 жылғы 4 қараша

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік

сайлау комиссияларының құрамын

сайлау туралы» № 24-3 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №24-3 шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қайтыс болуына және босату туралы өтінішінің негізінде, келесі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылсын:

№156:

Тулебалиев

Нурлан

Кумаргалиевич ;

№163

Мурзагалиева

Канымзия

Жаксыгереевна;

№171:

Нургалиева

Жания

Уразбаевна;

№173:

Габдушев

Махамбет

Орынтаевич;

№174:

Кужаев

Ринат

Рустамович;

№179:

Ситказиева

Гульфайрус

Максутовна;

№180:

Пудова

Антонина

Константиновна;

№183:

Семенова

Людмила

Александровна;

№197:

Дюсемалиев

Булат

Жанузакович;

№198:

Касымова

Роза

Сабировна;

 

Курманкулова

Багча

Саркеевна;

 

Урекешева

Мира

Халиловна;

№199:

Турсунбаев

Кайрсапар

Жусупкалиевич;

 

Турекешова

Данара

Тыныштыковна;

№202:

Шакирова

Салтанат

Канатовна;

№205:

Жанибекова

Гулистан

Кадирбековна;

№206

Бекбаев

Айбулат

Кабакович.

2

2) Бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының қызметі тоқтатылуына байланысты (Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы №93 «Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №16 «Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі) келесі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылсын:

№161:

1. Виноградов Виктор Анатольевич;

2. Габдушева Куттыгыз Рамазановна;

3. Косицын Василий Иванович;

4. Косицына Ольга Александровна;

5. Садыкова Алия;

6. Худякова Светлана Николаевна;

7. Шопина Надежда Александровна.

№164:

1. Бердешева Алтынай Жардемовна;

2. Джусупова Жибек Сангалиевна;

3. Джусупов Рахымжан Кубашевич;

4. Дюсенов Марат Сидешевич;

5. Ешмуханов Беркин Ермекович ;

6. Матфей Елена Дмитриевна;

7. Сакпиреев Асылбек Ислямгалиевич .

№169:

1. Иманова Катима Ароновна;

2. Косточкин Николай Петрович ;

3. Лагодич Лариса Владимировна;

4. Тетюцкау Светлана Анатольевна;

5. Фадеев Михаил Юрьевич;

6. Чапурина Асылганым Абылгалиевна;

7. Шопин Павел Викторович.

№187:

1. Агафонова Ольга Арслановна;

2. Тюлегенова Гульнара Тариховна;

3. Байжанова Клара Сисенгалиевна;

4. Едилов Гинят Жолманович;

5. Карачун Василий Александрович;

6. Киналиева Альфия Кейнятовна;

7. Мармыш Анатолий Константинович.

№214:

1. Агафонов Сергей Викторович ;

2. Айтуганова Надежда Николаевна ;

3. Утеева Айгуль Ибрагимовна;

4. Султангалиев Жангельдебатр Жаналыбатырович ;

5. Жанамергенова Гульнара Нигметовна;

6. Кадаева Юлия Валерьевна;

7. Панарина Наталья Владимировна.

№216:

1. Айткалиева Гульсара Бактыгереевна;

2. Гусманова Айслу Есенгариевна;

3. Дубровина Вера Львовна;

4. Имангалиева Мадина Назаровна;

5. Кунеев Талгат Лукпанович ;

6. Таипов Михаил Жумагалиевич ;

7. Таипова Кымбат.

№218:

1. Бекенов Еркебай Хайруллович ;

2. Болотник Владимир Иванович ;

3. Деваева Валентина Павловна;

4. Кабдикулова Надежда Дмитриевна;

5. Орлов Владимир Иванович ;

6. Халифаева Ольга Александровна;

7. Шейко Людмила Евгеньевна.

3) №164 учаскелік сайлау учаскесі құрылуына байланысты (Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы №93 «Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №16 «Зеленов ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі) сәйкесті №164 учаскелік сайлау комиссиясы құрылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №37-2 2015 жылғы 4 қараша


Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-2

«Аудандық мәслихат депутаттарын

сайлау бойынша округтік сайлау

комиссияларының құрамын сайлау

туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары мүшелері қайтыс болуына және босату туралы өтінішінің негізінде, Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №24-2 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялар құрамынан келесі мүшелер босатылсын:

№1: Коршунов Федор Николаевич;

№5: Аристанова Мая Сергеевна;

№10: Исказиев Ерген Иманович;

№11: Өтеғалиева Ботакөз Сағитқызы;

№12: Ешайтова Жадыра Муратовна.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қарашадағы нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4142 болып тіркелді)

 

Переметный ауылы №37-1 2015 жылғы 4 қараша

 
 

 

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерлерге жер салығының

базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай

жер салығының мөлшерлемелерін

жоғарылату туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Зеленов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. Зеленов аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4414 болып тіркелді)

 
Переметный ауылы №36-1 2015 жылғы 5 қазан
 
 
 
Зеленов аудандық мәслихатының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№30-2 «2015-2017 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №27-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4029 тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 4 873 608 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 381 734 мың тенге;

салықтық емес түсімдер - 3 340 мың тенге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 64 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 3 424 534 мың теңге;

2) шығындар - 4 888 176 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 106 096 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 136 762 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 666 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 6 000 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу - 6 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 126 664 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-
126 664 мың теңге:

қарыздар түсімі - 136 758 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 30 666 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 20 572 мың теңге.»;

3-тармақта:

1) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 476 168 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге - 43 845 мың теңге;»;

2) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 232 086 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

«Менің Отаным Қазақстан. Моя Родина - Казахстан» - оқу әдістемесін ауданның 1 сынып оқушыларына Президенттен сыйлық ретінде табыс ету үшін - оқулықтар сатып алуға - 903 мың теңге;»;

мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

«трансформаторлық кіші станса жинақтамасы және ілеспе материалдарын сатып алуға - 7 602 мың теңге.»;

7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 25 990 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Сессия төрағасы Т.Залмуканов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы № 2015 жылғы ___________

 

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерлерге жер салығының

және бірыңғай жер салығының базалық

мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы

Кодексінің 387 бабы 1-1 тармағына, 444 бабы 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


 

Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №35-6 2015 жылғы 7 тамыз

 

 

Аудандық мәслихатының кезекті

сессиясының төрағасы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып болып №5 Янайкин сайлау округінен депутат Залмуканов Тлек Дисенович сайлансын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

Переметный ауылы №35-5 2015 жылғы 7 тамыз

 

Мәслихат сессиясы төрағасының

жүктелген функциялар мен

өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабы негізінде мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихат шешімі

 

Переметный ауылы № 35-4 2015 жылғы 7 тамыз

 

 

Зеленов ауданы әкімдігінің жанындағы

жастар істері жөніндегі Кеңестің дербес

құрамын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 шілдедегі №7-30/794 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің дербес құрамы аталған шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйегіндегі

«Жастар жұмысы бойынша аудандық Кеңесінің дербес құрамы туралы» №17-5 шешімі және 2014 жылғы 15 қыркүйектегі «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Жастар жұмысы бойынша аудандық Кеңесінің дербес құрамы туралы» №17-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №27-10 шешімі жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 

Аудандық мәслихатының

2015 жылғы 7 тамыздағы

№35-4 шешіміне

қосымша

 

 

Зеленов ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі

Кеңестің дербес құрамы

 

Жакупов Карим Каримуллинович - Зеленов ауданының әкімі, Кеңес төрағасы;

Досжанов Асылулан Турсунович - Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;

Байрамова Актоты Мустахимовна - Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы;

Кеңес мүшелері:

 

Жунусова Тайшибай Урынбековна - Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Ахметжанова Бибигуль Мендигалиевна - Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

Сергазиева Айгуль Абубакировна - Зеленов аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары;

Жалмурзин Фархат Казбекович - «Қазақстан Каратэ-до Сетокай» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич - «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының директоры, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы, (келісім бойынша);

Ешмуратов Нуржан Сайлаубекұлы - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы;

Аюпов Нұржан Ғалымжанұлы - «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №35-3 2015 жылғы 7 тамыз

 

Зеленов ауданында Жұмыспен қамту

2020 жол картасы бағдарламасын жүзеге

асыру шаралары туралы

 

Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры В.Г.Баштавенконың ақпаратын тыңдап, талқылап және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов ауданында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі - бағдарлама) жүзеге асыру шаралары туралы ақпараты мәліметке алынсын.

2. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ әкімдеріне және Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығына (Баштавенко В.Г.) ұсынылсын:

- бағдарламаның нысаналы индикаторына жеткізуге шаралар қабылдансын;

- бағдарлама шараларын жүзеге асыруда бөлінген қаржыны тиімді және уақтылы игеру қамтамасыз етілсін.

3. Аталған шешімді орындауды бақылау Зеленов аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


 

Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы 2015 жылғы 7 тамыз

№35-2

Аудан әкімінің өзіне жүктелген

функциялар мен міндеттердің

орындалуы туралы есебі

 

Аудан әкімі К.К.Жакуповтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап және талқылап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихат алдында есеп беруін жүргізу туралы» №19 Жарлығына және Зеленов аудандық мәслихатының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудан әкімі К.К.Жакуповтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі, сондай-ақ ауданның әлеуметтік -экономикалық мәселелерін одан әрі шешуге қатысты алда тұрған жоспарлары мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №35-1 2015 жылғы 7 тамыз

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1

«2011-2015 жылдарға арналған

Зеленов ауданының аумағын дамыту

бағдарламасы туралы» шешімінің

орындалуы туралы

 

Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы С.С.Айткалиеваның ақпаратын тыңдап, талқылап және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы С.С.Айткалиеваның «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1 «2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» шешімінің орындалуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.

2.Зеленов ауданының әкімдігіне аумақтық дамыту бағдарламасының талаптарын орындауда, бағдарламаның нысаналы индикаторларына жеткізуде жергілікті атқарушы органдар және бөлімдерінің бақылауын күшейтуі ұсынылсын.

3.Аталған шешімді орындауды бақылау Зеленов аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 

 


 
Зеленов аудандық мәслихаттың шешімі

(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3949 болып тіркелді)

 

Переметный ауылы №34- 1 7 шілде 2015 жыл

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 26 желтоқсандағы

№30-2 «2015-2017 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 4 829 275 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 353 734 мың тенге;

салықтық емес түсімдер - 3 340 мың тенге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 52 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 3 420 201 мың теңге;

2) шығындар - 4 843 843 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 106 096 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 136 762 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 666 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 6 000 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу - 6 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 126 664 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-
126 664 мың теңге:

қарыздар түсімі - 136 758 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 30 666 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 20 572 мың теңге.»;

3-тармақтың 1) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 480 340 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, оның ішінде еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі деңгейіне сәйкес төленетін еңбекақы мөлшерін жеткізуге - 6 601 мың теңге;»;

он екінші абзац алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру - 1 520 мың теңге.»;

2) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

« 2) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 223 581 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

«балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру - 18 289 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Сессия төрағасы Б.Асанов

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №33-8 2015 жылғы 19 мамыр

 

 

Мәслихат сессиясы төрағасының

жүктелген функциялар мен

өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабы негізінде мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрайымы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №33-5 2015 жылғы 19 мамыр

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2013 жылғы 30 қыркүйектегі №17-2

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын

жүзеге асыру жөніндегі аудандық

комиссиясының дербес құрамы туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және аудан әкімінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №7.2-4/486 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы» № 17-2 шешімнің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамынан:

Амангалиев Акылбек Темиржанович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасынан;

Азовсков Федор Александрович - аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесінен;

Каркула Валентина Николаевна - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Бай» кәсіпкерлердің аудандық бірлестігінің төрайымы, комиссия мүшесінен ;

Кожахметов Абзал Сагинбаевич - Зеленов ауданының әділет басқармасының басшысы, комиссия мүшесінен шығарылсын;

комиссия құрамына:

Тугузбаев Амангельды Каримович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Жангузина Гульжиян Шатоковна - аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;

Карткужакова Асель Набиулловна - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Зеленов ауданындағы филиалының директоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін;

Железнов Виктор Георгиевич - «Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары» деген сөздер «Железнов Виктор Георгиевич - Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімінің статисті» деген сөздермен ауыстырылсын.

Сарсеев Марат Ермекович - «Зеленов аудандық салық басқармасының басшысы» деген сөздер «Сарсеев Марат Ермекович - Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.

Сигунов Анатолий Константинович - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары» деген сөздер «Сигунов Анатолий Константинович - Зеленов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрайымы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №33-4 2015 жылғы 19 мамыр

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік

сайлау комиссияларының құрамын

сайлау туралы» № 24-3 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

1. Есептік комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос орындарына сайлау туралы» №3 хаттамасы бекітілсін.

2. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №24-3 шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

учаскелік сайлау комиссиялар құрамының бос орындарына келесі мүшелер сайлансын:

№155: Абдулов Есбол Тлеккабылович ;

№160: Кусаинова Насып Утешевна;

Джунусова Майра Макуовна;

№162: Сурукпаев Серик Койбкалеевич;

Чеботарёва Елена Владимировна;

№165: Саменова Гульбаршин Умурзаховна;

№187: Тюлегенова Гульнара Тариховна;

№195: Отрышко Людмила Викторовна;

Мурзагалиев Есен Бокаевич;

№197: Оразова Гулнур Силыбаевна;

№203: Калиева Гулмайраш Кушеновна;

№205: Плотникова Юлия Анатольевна;

№206: Сатканова Шынар Тулеуовна;

№209: Жуматов Тлеген Жакиевич;

№210: Мамбетова Жаннат Маликовна;

№211: Смольякова Булды Жакиевна;

№214: Утеева Айгуль Ибрагимовна;

Султангалиев Жангельдебатр Жаналыбатырович;

№218: Кабдикулова Надежда Дмитриевна;

Бекенов Еркебай Хайруллович;

Орлов Владимир Иванович.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрайымы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №33-3 2015 жылғы 19 мамыр

 


Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі «Аудандық

сайлау комиссиясының құрамын

сайлау туралы» № 24-1 шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Есептік комиссияның «Аудандық сайлау комиссиясы мүшесінің бос орнына сайлау туралы» №2 хаттамасы бекітілсін.

2. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Аудандық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №24-1 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

аудандық сайлау комиссия құрамының бос орнына Досжанов Асылулан Турсунович сайлансын.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрайымы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №33-2 2015 жылғы 19 мамыр

 

Зеленов ауданының кәмелетке

толмағандардың арасында

құқықбұзушылықтың алдын

алу туралы

 

Зеленов ауданының білім беру бөлімінің басшысы С.Н.Сафиуллиннің ақпаратын тыңдап, талқылап және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов ауданының кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы ақпараты мәліметке алынсын.

2. Аталған шешімді орындауды бақылау Зеленов аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрайымы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

 

Переметный ауылы №33-1 2015 жылғы 19 мамыр

 


2014 жылға арналған аудандық

бюджеттің орындалуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Зеленов ауданының әкімдігімен ұсынылған 2014 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекеменің есеп-қорытындысын қарап аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2014 жылға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:

кірістер - 4 937 253,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 1 221 014,2 мың тенге;

салықтық емес түсімдер - 5 960,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 43 676,1 мың тенге;

трансферттер түсімі - 3 666 601,9 мың теңге;

шығындар - 4 885 830,5 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 63 890,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 27 908,4 мың теңге;

қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 6900,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8 541,0 мың теңге:

қарыздар түсімі - 63 894,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 57 351,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 488,6 мың теңге.

2. 2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджетін тиімді және сапалы

орындау мақсатында аудандық әкімдікке ұсынылсын:

- үшжылдық бюджет шеңберінде белгіленген басымдылық пен стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкес жоспарланған бюджеттік шығындар және оларды пайдалану нәтижелерінің ұштастыруы қамтамасыз етілсін, түсім жоспары бұрынғы берілген кредиттен жоспарланған түсім есебінен қалыптастырылсын;

мүмкіндігі бойынша жыл қортындысында дебиторлық және кредиторлық берешегіне жол бермеу, дебиторлық бережақты жергілікті бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдансын;

- аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде аудан бюджетінің жоспарлау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжам көрсеткіштер сапасы арттырылсын, жергілікті бюджетке салық төлемдері және салық түсу деңгейін төмен түсірмеуге жол бермеу үшін, қол жеткізген деңгей көрсеткішінің салық салынатын негізінен және өсім есебінен жоспарлау қамтамасыз етілсін, өтеу кестесіне сәйкес бұрынғы бюджеттік кредит бөлінген жеке және заңды тұлғалардың жергілікті бюджетке өтеу сомасы және мерзімі қатерге алынсын,

- бюджеттік бағдарламаларды толықтай орындау бойынша және оларды пайдалану тиімділігін арттыру және нәтижелігі жөнінде сәйкесті шаралар қабылдансын;

- қаржылық тәртіпті өз деңгейінде сақтау қамтамасыз етілсін, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер және лауазымды тұлғалар мемлекеттік сату туралы заңдылықтар аясында бюджеттік ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп бойынша кәсіптік дайындық деңгейлерін көтерсін;

- қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің саны мен енгізу көлемін азайту, қаржылық жыл бойынша аудандық бюджеттің шығындар мен түсімдерінің бір қалыптылығын қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық берешегіне жол бермеу бөліктерінде мемлекеттік қаржымен басқару сапасы арттырылсын;

- бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге аса көңіл бөліп, оларды уақтылы жойып және осындай кемшіліктерді болдырмауда кешенді шаралар қабылдансын;

- Аудан әкіміне - аудандық бюджет комиссия төрағасы және аудандық мәслихат хатшысына үнемі мәжілістерде мыналарды қарау ұсынылсын: аудандық әкімдікте және аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясында бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану сұрақтары бойынша аудан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебін тыңдау, коммуналдық меншік активтерін басқару және Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жұмысы жергілікті бюджетке уақтылы және толықтай салықтар және басқа төлемдердің түсу мәселелері қамтамасыз етілсін.

3.Осы шешім қол қойылған күннен бастан күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3887 болып тіркелді)

 

 

Переметный ауылы № 32-1 2015 жылғы 10 сәуір

 

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 26 желтоқсандағы

№30-2 «2015-2017 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №23-1«Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3867 тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 4 649 483 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 155 734 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 340 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 50 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 3 440 409 мың теңге;

2) шығындар - 4 623 420 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 106 096 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 136 762 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 666 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 46 631 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу - 46 631 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 126 664 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-
126 664 мың теңге:

қарыздар түсімі - 136 758 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 30 666 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 20 572 мың теңге.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3.Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11, 12-баптары қатерге және басшылыққа алынсын:

1) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 518 837 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, оның ішінде еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі деңгейіне сәйкес төленетін еңбекақы мөлшерін жеткізуге - 5 987 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігінарттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға - 48 017 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 500 мың теңге;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 1 197 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 433 мың теңге;

мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге - 8 086 мың теңге;

біржолғы материалдық көмек көрсетуге - 24 915 мың теңге;

материалдық көмекті төлегені үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақы - 249 мың теңге;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге - 235 790 мың теңге;

кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салуға - 11 303 мың теңге;

мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға - 40 631 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер - 136 758 мың теңге;

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға - 1 040 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға - 3 931 мың теңге;

2) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 205292 мың теңге көлемінде ескерілсін:

Қаражар ауылындағы су құбырын реконструкциялауға - 12 097 мың теңге;

мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге - 22 589 мың теңге;

табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін техника сатып алу - 21 624 мыңтеңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 186 мың теңге;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 57 000 мың теңге;

патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға - 22 804 мың теңге;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге - 10 362 мың теңге;

Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшаға күрделі жөндеу жүргізуге - 52 277 мың теңге;

Дариян ауылындағы балабақшаға күрделі жөндеу жүргізуге - 6 353 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

Сессия төрайымы В.Шохина

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-9 2015 жылғы 17 наурыз

 

Мәслихат сессиясы төрағасының

жүктелген функциялар мен

өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабы негізінде мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Мәслихат сессиясы төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-8 2015 жылғы 17 наурыз


Аудандық мәслихатының

кейбір шешімдерінің күші

жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы А.Дравица

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2015 жылғы 17 наурыздағы

№ 31- 8 шешіміне қосымша

 

Аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Зеленов аудандық мәслихатының «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда, 2014 жылғы 14 ақпанда, 2014 жылғы 21 ақпанда, 2014 жылғы 28 ақпанда, 2014 жылғы 14 наурызда «Ауыл тынысы» газетінің №3, №7, №8, №9, №11 жарияланған);

2. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы №21-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3434 тіркелген, 2014 жылғы 4 наурыздағы, 2014 жылғы 4 сәуірдегі, 2014 жылғы 18 сәуірдегі, 2014 жылғы 25 сәуірдегі, 2014 жылғы 1 мамырдағы «Ауыл тынысы» газетінің №10, №14, №16, №17, №18 жарияланған);

3. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 29 сәуірдегі №25-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3518 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырдағы, 2014 жылғы 20 маусымдағы, 2014 жылғы 4 шілдедегі, 2014 жылғы 11 шілдедегі «Ауыл тынысы» газетінің №20, №25, №27, №28 жарияланған);

4. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 6 маусымдағы №26-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3564 тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымдағы, 2014 жылғы 15 тамыздағы, 2014 жылғы 22 тамыздағы, 2014 жылғы 5 қыркүйектегі, 2014 жылғы 19 қыркүйектегі, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі «Ауыл тынысы» газетінің №26, №33, №34, №36, №38, №39 жарияланған).

5. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қыркүйектегі №27-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3634 тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі, 2014 жылғы 24 қазандағы, 2014 жылғы 31 қазандағы, 2014 жылғы 7 қарашадағы, 2014 жылғы 21 қарашадағы, 2014 жылғы 28 қарашадағы «Ауыл тынысы» газетінің №39, №43, №44, №45, №47, №48 жарияланған).

6. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қазандағы №28-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 тіркелген, 2014 жылғы 24 қазандағы, 2014 жылғы 5 желтоқсандағы «Ауыл тынысы» газетінің №43, №49 жарияланған).

7. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қарашадағы №29-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашадағы, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы «Ауыл тынысы» газетінің №48, №50 жарияланған)

8. Зеленов аудандық мәслихатының «Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №30-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3736 тіркелген, 2015 жылғы 9 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінің №2 жарияланған).

Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-7 2015 жылғы 17 наурыз


Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік

сайлау комиссияларының құрамын

сайлау туралы» № 24-3 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №24-3 шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

учаскелік сайлау комиссиялар құрамынан келесі мүшелер шығарылсын:

№155: Муханбетжанова Алия Бигазиевна;

№160: Долблёнова Марина Кабдыгалиевна;

Идрисов Альбек Рахимович;

№162: Ефимов Виктор Владимирович;

Чижова Галина Юрьевна;

№165: Байбулов Мендыбай Сагидуллинович;

№187: Агафонова Юлия Георгиевна;

№195: Гуцель Виктор Алексеевич;

Пастухова Ольга Афанасьевна;

№197: Юмагулова Алия Темирбулатовна;

№203: Гильманова Гульзат Саликовна;

№205: Некрасова Галина Александровна;

№206: Азбергенева Айгуль Гавдулхамитовна;

№209: Быкова Ирина Александровна;

№210: Сатарова Ольга Николаевна;

№211: Уразова Гулназ Ерболатовна;

№214: Аникин Антон Александрович;

Дускалиев Шынбулат Сундетович;

№218: Аженова Балжан Таргыновна;

Омарова Амина Жетписбаевна;

Тлеуов Сатыбалды Абдрашевич.

 

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі


Переметный ауылы №31-6 2015 жылғы 17 наурыз

 

Зеленов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 15 сәуірдегі «Аудандық

сайлау комиссиясының құрамын

сайлау туралы» № 24-1 шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Аудандық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №24-1 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

аудандық сайлау комиссия құрамынан Кульжанова Гулназ Магжановна шығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-5 2015 жылғы 17 наурыз

 

 

«Зеленов ауданының

құрметті азаматы» атағын

беру туралы

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 12-1 тармағына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 18 тамыздағы №13-9 «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» шешіміне сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №7-37/219 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Зеленов ауданының құрметті азаматы» атағы келесі азаматтарға берілсін:

1. Анатолий Алексеевич Гайдайға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 01.01.1925 жылы туылған, Көшім ауылының тұрғыны;

2. Макар Макарович Дорошенкоға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 01.01.1922 жылы туылған, Переметный ауылының тұрғыны;

3. Мансур Кокавич Джусуповке - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 01.01.1921 жылы туылған , Егіндібұлақ ауылының тұрғыны;

4. Акум Искалиевич Жукинге - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 05.05.1926 жылы туылған, Переметный ауылының тұрғыны;

5. Кабдисат Хусаинович Избасовқа - Ұлы Отан соғысының іқатысушысы, 13.06.1926 жылы туылған, Переметный ауылының тұрғыны;

6. Татьяна Ивановна Макиевскаяға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы , 15.01.1923 жылы туылған , Дариян ауылының тұрғыны;

7. Сергей Евдокимович Медведевке - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 19.10. 1926 жылы туылған, Щапов ауылының тұрғыны;

8. Екатерина Даниловна Необутоваға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 25.12.1925 жылы туылған , Переметный ауылының тұрғыны;

9. Мария Ивановна Пинаеваға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 23.09.1923 жылы туылған, Чиров ауылының тұрғыны;

10. Павел Максимович Сатаровқа - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 09.07.1922 жылы туылған , Погодаев ауылының тұрғыны ;

11. Федор Андреевич Серенкоға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 06.09.1925 жылы туылған, Январцев ауылының тұрғыны.

12. Анна Поликарповна Сидороваға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 10.03.1921 жылы туылған, Переметный ауылының тұрғыны;

13. Петр Николаевич Старовқа - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 22.01.1926 жылы туылған, Дариян ауылының тұрғыны;

14. Александр Тимофеевич Старцевке - Ұлы Отан соғысының қатысушысы , 18.09.1926 жылы туылған, Рубежка ауылының тұрғыны;

15. Борис Акимович Федулеевке - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 03.09.1920 жылы туылған, Колесов ауылының тұрғыны;

16. Сергей Семенович Хранинге - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 08.02.1926 жылы туылған, Шалғай ауылының тұрғыны;

17. Мария Степановна Шергалиеваға - Ұлы Отан соғысының қатысушысы , 13.04.1925 жылы туылған, Переметный ауылының тұрғыны;

18. Владимир Петрович Шкуратовқа - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 01.07.1925 жылы туылған, Погодаев ауылының тұрғыны.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

 


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-4 2015 жылғы 17 наурыз

 

Білім, денсаулық сақтау,

әлеуметтік, мәдени және

жастар саясаты, ұйымдастыру

және құқық мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасының

жүктелген функциялар мен

өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 8 баптарын басшылыққа алып, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-3 2015 жылғы 17 наурыз


Ауылды және аграрлық саясатты дамыту,

экология, табиғатты пайдалану және

техногендік процестер мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының

жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің

орындалуы туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 8 баптарын басшылыққа алып, ауылды және аграрлық саясатты дамыту, экология, табиғатты пайдалану және техногендік процестер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ауылды және аграрлық саясатты дамыту, экология, табиғатты пайдалану және техногендік процестер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-2 2015 жылғы 17 наурыз


Бюджет, экономика және

инфрақұрылымды дамыту

жөніндегі тұрақты комиссия

төрағасының жүктелген

функциялар мен өкілеттіктердің

орындалуы есебі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 8 баптарын басшылыққа алып, бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов


Зеленов аудандық мәслихатының шешімі

 

Переметный ауылы №31-1 2015 жылғы 17 наурыз


Аудандық мәслихат хатшысының

атқарылған жұмысы туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабы негізінде аудандық мәслихат хатшысының атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихат хатшысының атқарылған жұмысы туралы есебі мәліметке алынсын.

2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы А.Дравица

 

Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

Дата публикации
01 января 2016
Дата обновления
01 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

21 апреля 2026
Аудандық мәслихат депутаттары
Қоғамдық кеңес
21 апреля 2025
Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Ақпарат
19 февраля 2024
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы