Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3755 болып тіркелді)
Переметный ауылы №30-3 2014 жылғы 26 желтоқсан
Зеленов ауданында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды жеке
оқыту жоспары бойынша үйде
оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу тәртібін және мөлшерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын:
1) шығындарды өтеу әр балаға психологиялық - медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы болған жағдайда ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
2) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай берілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С.Голубева
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 30-2 2014 жылғы 26 желтоқсан
2015-2017 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 4 928 822 мың теңге:
салықтық түсімдер - 1 045 734 мың тенге;
салықтық емес түсімдер - 3 340 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 50 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 829 748 мың теңге;
2) шығындар - 4 908 515 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 94 200 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 124 866 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 666 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 20 307 мың теңге:
қаржы активтерiн сатып алу - 20 307 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 94 200 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 94 200 мың теңге:
қарыздар түсімі - 124 866 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 30 666 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2015 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және осы шешімнің 4 - тармағына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11, 12- баптары қатерге және басшылыққа алынсын:
1) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 045 266 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, оның ішінде еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі деңгейіне сәйкес төленетін еңбекақы мөлшерін жеткізуге - 6 512 мың теңге;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға - 54 102 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 500 мың теңге;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 1 197 мың теңге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 433 мың теңге;
мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге - 8 086 мың теңге;
біржолғы материалдық көмек көрсетуге - 25 875 мың теңге;
материалдық көмекті төлегені үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақы - 259 мың теңге;
Астана қаласындағы шеруге қатысу үшін жолға, тұруға және тамақтануға шығындар - 239 мың теңге;
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге - 672 369 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төленетін еңбекақы деңгейін арттыруға - 19 218 мың теңге;
кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салуға - 11 303 мың теңге;
мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға - 20 307 мың теңге;
Дариян ауылындағы су құбырын реконструкциялауға - 100 000 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер - 124 866 мың теңге;
2) 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 56 310 мың теңге көлемінде ескерілсін, соның ішінде:
Қаражар ауылындағы су құбырын реконструкциялауға - 12 097 мың теңге;
мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге - 22 589 мың теңге;
табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін техника сатып алу - 21 624 мың теңге.
4. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2015 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:
1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% есепке алынады;
2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% есепке алынады.
5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
6. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеуге сомасы 30 666 мың теңге қарастырылсын.
7. 2015 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 10 990 мың теңге көлемінде бекітілсін.
8. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда, лауазымдық жалақыларын 25 %-ға көтеру белгіленсін.
9. 2015 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқару үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
11. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С.Голубева
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихаттың шешімі
(БҚО Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3736 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 30-1 2014 жылғы 23 желтоқсан
Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-3 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3715 тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 4 583 786 мың теңге:
салықтық түсімдер - 1 173 896 мың тенге;
салықтық емес түсімдер - 5 340 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 80 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 324 550 мың теңге;
2) шығындар - 4 554 996 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 33 920 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 63 894 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 29 974 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 6 900 мың теңге:
қаржы активтерiн сатып алу - 6 900 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 12 030 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -12 030 мың теңге:
қарыздар түсімі - 63 894 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 57 352 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 488 мың теңге.»;
3-тармақтың 1) тармақшасында:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 501 396 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға - 154 307 мың теңге;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға - 19 941 мың теңге;»;
тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 3 252 мың теңге;»;
он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге - 163 444 мың теңге.»;
2) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2014 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 39 755 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
мынадай мазмұнда сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге - 6 051 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С.Голубева
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихаттың шешімі
(БҚО Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3707 болып тіркелді)
Переметный ауылы №29-2 2014 жылғы 19 қараша
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3
«Зеленов ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Зеленов аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 20-3 «Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3418 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С. Голубева
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
«КЕЛIСIЛГЕН»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
2014 жылғы «___» _________ А.Өтеғұлов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3698 болып тіркелді)
Переметный ауылы №29-1 2014 жылғы 13 қараша
Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С.Голубева
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Переметный ауылы Переметный ауылы
2014 жылғы 10 қазан 2014 жылғы 10 қазан
№810 №28-2
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Батыс Қазақстан облысы Зеленов
ауданы Переметный ауылдық
округінің Усихин ауылын
тарату туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Переметный ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №788 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылын таратуы ұсынылсын.
Зеленов ауданының әкімі Сессия төрағасы
К.Жакупов С.Голубева
Аудандық
мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3654 болып тіркелді)
Переметный ауылы №28-1 2014 жылғы 10 қазан
Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №19-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-3 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3640 тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 592 108 мың теңге:
салықтық түсімдер - 1 173 896 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5 340 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 80 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 332 872 мың теңге;
2) шығындар - 4 563 318 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 33 920 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 63 894 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 29 974 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 6 900 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 6900 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 12 030 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 12 030 мың теңге;
қарыздар түсімі - 63 894 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 57 352 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 488 мың теңге.»;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2014 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 33 704 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін :»;
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Махамбет ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге » - 2 995 мың теңге;»;
бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Рубежин ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге » - 8 037 мың теңге;»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С.Голубева
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-14 2014 жылғы 15 қыркүйек
Құқық бұзушылық профилактикасы
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі №7.2-4/828 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» №33-8 шешімі және Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» №33-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 8-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
2014 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 27-14 шешіміне қосымша
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы
|
Досжанов Асылулан Турсунович
|
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Искаков Тимур Жасталанович |
аудандық ішкі істер бөлімі бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
|
|
Жарлыгасова Айнур Иосифовна |
аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инспекторы, комиссия хатшысы (келісім бойынша); |
|
комиссия мүшелері:
|
|
|
Ахметова Надия Абриковна
Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич
Жунусова Тайшибай Урынбековна |
«Зеленов аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры (келісім бойынша);
«Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының директоры, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы, (келісім бойынша);
Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы;
|
|
Молдахметов Руслан Бекболатович |
Зеленов ауданы прокурорының орынбасары (келісім бойынша); |
|
Сергазиева Айгуль Абубакировна |
Зеленов аудандық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары;
|
|
Тулепкалиев Тлекбай Кажмуратович |
Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. |
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-13 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссиясының дербес құрамын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 тамыздағы №7.2-4/813 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
2014 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 27-13 шешіміне қосымша
Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиянының дербес құрамы
|
Досжанов Асылулан Турсунович
|
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Сергазиев Марат Тасеменович |
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
|
|
Берниязова Даригуль Азаматовна |
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің инспекторы, комиссия хатшысы. |
|
|
|
|
Комиссия мүшелері: |
|
|
Арыстанова Жазира Жандарбековна |
Аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полицияның инспекторы (келісім бойынша);
|
|
Ахметова Надия Абриковна |
«Зеленов аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры (келісім бойынша);
|
|
Байтурсина Назгуль Сафаргалиевна |
Аудандық білім беру бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық мәселелері бойынша бас маманы;
|
|
Есеналиева Балжан Жеткеновна |
Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері;
|
|
Жучкова Галина Васильевна |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары;
|
|
Ислямов Габитжан Капиевич |
«Зеленов аудандық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры (келісім бойынша);
|
|
Камбетов Медхат Мусаевич |
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
|
|
Мамбетов Адильхан Сельбаевич |
Аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полициялық бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы (келісім бойынша);
|
|
Сергазиева Айгуль Абубакировна |
Аудандық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары. |
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-11 2014 жылғы 15 қыркүйек
Аудан әкімдігінің
дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 7.2-4/780 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданы әкімдігінің дербес құрамы келісілсін:
Жакупов Карим Каримуллинович - Зеленов ауданының әкімі;
Айткалиева Сандугаш Саиновна - Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Амангалиев Акылбек Темиржанович - Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;
Досжанов Асылулан Турсунович - Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;
Залмуканов Мурат Дюсенович - Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы;
Тугузбаев Амангельды Каримович - Зеленов аудан әкімінің орынбасары.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеленов аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
2014 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 27-11 шешіміне қосымша
Зеленов аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізімі
1.2012 жылғы 19 сәуірдегі «Зеленов аудан әкімдігінің құрамы туралы» Зеленов аудандық мәслихатының № 3-6 шешімі.
2.2012 жылғы 30 мамырдағы «Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі «Зеленов аудан әкімдігінің құрамы туралы» № 3-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №4-2 шешімі.
3.2012 жылғы 20 желтоқсандағы Зеленов аудандық мәслихатының
«2012 жылғы 19 сәуірдегі «Зеленов аудан әкімдігінің құрамы туралы» №3-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №8-8 шешімі.
4.2013 жылғы 15 шілдедегі Зеленов аудандық мәслихатының « 2011 жылғы 19 сәуірдегі «Зеленов аудан әкімдігінің құрамы туралы» №3-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»№15-2 шешімі.
5.2013 жылғы 18 желтоқсандағы Зеленов аудандық мәслихатының « 2011 жылғы 19 сәуірдегі «Зеленов аудан әкімдігінің құрамы туралы» №3-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №20-7 шешімі.
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы № 27-10 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Жастар
жұмысы бойынша аудандық Кеңесінің
дербес құрамы туралы» №17-5 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 7.2-4/744 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Жастар жұмысы бойынша аудандық Кеңесінің дербес құрамы туралы» № 17-5 шешімнің қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Кеңестің құрамынан:
Кульжанова Гулназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасарынан;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, Кеңес хатшысынан;
Абулхайырова Хадиша Захаровна - Зеленов колледжі директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары, Кеңес мүшесінен (келісім бойынша);
Нурумов Аслан Дисенович - «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы , Кеңес мүшесінен (келісім бойынша);
Терехова Галина Алексеевна - аудандық балалар, жасөспірімдер, туризм және экология орталығының директоры, Кеңес мүшесінен (келісім бойынша) шығарылсын;
Кеңестің құрамына:
Досжанов Асылулан Турсунович - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
Бадаков Бекзат Гаппарович - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы;
Баштавенко Виктор Григорьевич - аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, Кеңес мүшесі;
Ешмұратов Нуржан Сайлаубекұлы - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, Кеңес мүшесі;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, Кеңес мүшесі;
Камбетов Медхат Мусаевич - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Кеңес мүшесі;
Халденов Багдат Бибетович - «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы (келісім бойынша) Кеңес мүшесі болып енгізілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-9 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 18 желтоқсандағы
«Аудан әкімдігі жанындағы діни
бірлестіктерімен қарым-қатынас
жөніндегі Кеңесінің дербес құрамын
бекіту туралы» №20-8 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 7.2-4/742 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктерімен қарым-қатынас жөніндегі Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» № 20-8 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Кеңестің дербес құрамынан:
Кульжанова Гулназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасарынан;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, Кеңес хатшысынан;
Есеналиев Серик Рахметулович - аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, Кеңес мүшесінен (келісім бойынша);
Кожахметов Абзал Сагинбаевич - аудандық әділет басқармасының басшысы, Кеңес мүшесінен (келісім бойынша);
Жакупов Мендеш Атауович - Дариян мұсылмандар мешітінің бас имамы, Кеңес мүшесінен (келісім бойынша ) шығарылсын;
Кеңестің дербес құрамына:
Досжанов Асылулан Турсунович - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
Бадаков Бекзат Гаппарович - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы;
Абдрахманов Азамат Баянгалиевич - Дариян мұсылмандар мешітінің бас имамы, Кеңес мүшесі (келісім бойынша) ;
Ешмұратов Нуржан Сайлаубекұлы - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, Кеңес мүшесі;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, Кеңес мүшесі;
Искаков Тимур Жасталанович - аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, Кеңес мүшесі (келісім бойынша);
Искалиев Марат Куспанович - Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» аудандық филиалының төрағасы, Кеңес мүшесі болып енгізілсін.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы № 27- 8 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Аудан
әкімі жанындағы үкіметтік емес
ұйымдармен қарым-қатынаc және
ынтымақтастық бойынша аудандық
консультативтік Кеңесінің жаңа дербес
құрамы туралы» № 17-6 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №7.2-4/746 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынаc және ынтымақтастық бойынша аудандық консультативтік Кеңесінің жаңа дербес құрамы» №17-6 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Кеңестің құрамынан:
Кульжанова Гулназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасарынан ;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, Кеңес хатшысынан;
Айекешева Шарбану Рахимовна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесінен;
Искалиев Марат Куспанович - «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» аудандық филиалының төрағасы, Кеңес мүшесінен шығарылсын;
Кеңес құрамына:
Досжанов Асылулан Турсунович - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
Искалиев Марат Куспанович - «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» аудандық филиалының төрағасы, Кеңес төрағасының орынбасары;
Бадаков Бекзат Гаппарович - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы,
Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич - «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының директоры, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы, (келісім бойынша) Кеңес мүшесі;
Ешмұратов Нуржан Сайлаубекұлы - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, Кеңес мүшесі ;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, Кеңес мүшесі;
Халденов Багдат Бибетович - «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Кеңес мүшесі (келісім бойынша) енгізілсін.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27 -7 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Аудан
әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер
жөніндегі аудандық комиссиясының
дербес құрамы туралы» № 17-4 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №7.2-4/745 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы» №17-4 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
комиссия құрамынан:
Кульжанова Гулназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасарынан;
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, комиссия хатшысынан;
Сергазиев Марат Тасеменович - аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, комиссия мүшесінен (келісім бойынша) шығарылсын;
комиссия құрамына:
Досжанов Асылулан Турсунович - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары ;
Бадаков Бекзат Гаппарович - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Ешмұратов Нуржан Сайлаубекұлы - аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, комиссия мүшесі:
Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, комиссия мүшесі;
Искаков Тимур Жасталанович - аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Камбетов Медхат Мусаевич - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі болып енгізілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі .
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов ауданының Зеленов аудандық
әкімдігі мәслихаты
Переметный ауылы Переметный ауылы
2014 жылғы 6 тамыз 2014 жылғы 15 қыркүйек
№604 № 27-6
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы
мен аудандық мәслихат шешімін жою
туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 7.2-4/831 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 658 қаулысы және Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылын тарату туралы» № 20-4 шешімі жойылсын.
Аудан әкімі Сессия төрағасы
К.Жакупов С.Утегалиев
Аудандық
мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-5 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов ауданының 2014-2018 жылдарға
арналған даму әлеуеті жоғары және орташа
басқа да ауылдық елді мекендерді дамыту
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы»
№ 862 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов ауданының 2014-2018 жылдарға арналған даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерді дамыту іс-шаралар жоспары аталған шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Аудан әкімідігіне ұсынылсын:
- кезекті қаржы жылына аудан бюджетін қалыптастыру кезінде осы кешенді жоспарды қаржыландыру көзделсін;
- аймақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкесті өзгерістер енгізілсін.
3.Аталған шешімді орындауды бақылау Зеленов аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы № 27-4 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов ауданы Переметный
ауылының нақты жайғастыру
жобасымен біріктірілген бас
жоспарын бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалғанған Зеленов ауданы Переметный ауылының нақты жайғастыру жобасымен біріктірілген бас жоспары бекітілсін.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихаттың шешімі
(БҚО Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3634 болып тіркелді)
Переметный ауылы №27-3 15 қыркүйек 2014 жыл
Зеленов аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№20-2 «2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы:
«4 495 534 мың» деген сан «4 595 534 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«1 073 896 мың» деген сан «1 173 896 мың» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«4 466 744 мың» деген сан «4 566 744 мың» деген санмен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-2 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов ауданында Жұмыспен қамту
2020 жол картасы бағдарламасын жүзеге
асыру шаралары туралы
Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры В.Г.Баштавенконың ақпаратын тыңдап, талқылап және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов ауданында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі - бағдарлама) жүзеге асыру шаралары туралы ақпараты мәліметке алынсын.
2.Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ әкімдеріне және Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығына (Баштавенко В.Г.) ұсынылсын:
- тұрғындар және жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғастырылсын, үнемі бағдарламаны жүзеге асыру барысы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын;
- бағдарламаның мақсатты индикаторына жеткізуге шаралар қабылдансын;
- бағдарлама шараларын жүзеге асыруда бөлінген қаржыны тиімді және уақтылы игеру қамтамасыз етілсін.
3.Аталған шешімді орындауды бақылау Зеленов аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №27-1 2014 жылғы 15 қыркүйек
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1
«2011-2015 жылдарға арналған
Зеленов ауданының аумағын дамыту
бағдарламасы туралы» шешімінің
орындалуы туралы
Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары В.Г.Железновтың ақпаратын тыңдап, талқылап және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары В.Г.Железновтың «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1 «2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» шешімінің орындалуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
2.Зеленов ауданының әкімдігіне аумақтық дамыту бағдарламасының талаптарын орындауда, бағдарламаның мақсатты индикаторларына жеткізуде жергілікті атқарушы органдар және бөлімдерінің бақылауын күшейтуі ұсынылсын.
3.Аталған шешімді орындауды бақылау Зеленов аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Утегалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №26-2 2014 жылғы 6 маусым
Зеленов ауданының әкімі
К.К.Жакуповтың есебі туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі К.К.Жакуповтың өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін орындау туралы есебін тыңдап және талқылап аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімі К.К.Жакуповтың өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін орындау, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін одан әрі шешуге қатысты алда тұрған жоспарлары туралы есебі мәліметке алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №26-1 2014 жылғы 6 маусым
2013 жылға арналған аудандық
бюджеттің орындалуы туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Зеленов аудан әкімдігімен ұсынылған 2013 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекеменің есеп-қорытындысын қарап аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2013 жылға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:
кірістер - 4 192 602,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 141 236,8 мың тенге;
салықтық емес түсімдер - 9 448,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 50 788,7 мың тенге;
трансферттер түсімі - 2 991 128,0 мың теңге;
шығындар - 4 090 312,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 151 541,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 077,8 мың теңге;
қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 2 000,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 31 173,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 149 851,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 158 788,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 44 599,4 мың теңге.
2. 2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджетін тиімді және сапалы
орындау мақсатында аудандық әкімдікке ұсынылсын:
1)үшжылдық бюджет шеңберінде белгіленген басымдылық пен стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкес жоспарланған бюджеттік шығындар және оларды пайдалану нәтижелерінің ұштастыруы қамтамасыз етілсін;
2)аудандық бюджетті қалыптастыру кезде жергілікті бюджет жоспарлауының және әлеуметтік-экономикалық дамудың болжам көрсеткіштерінің сапасы арттырылсын, жергілікті бюджетке салық және салықтық төлемдердің түсім деңгейінің төмендеуіне жол бермеу үшін салық салынатын базасын және өсу перспективасын ескере отырып қолжетімдік деңгейден бастап көрсеткіштер жоспарлауы қамтамасыз етілсін;
3)бюджеттік бағдарламаларды толық көлемінде орындау және оларды жұмсау тиімділігі мен нәтижелелігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдансын;
4)жеткілікті деңгейде қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етілсін, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңнама саласындағы мемлекеттік қызметкерлерді және бюджеттік ұйымдардың лауазымды тұлғаларын кәсіби дайындау деңгейі арттырылсын;
5)қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің саны мен енгізу көлемін азайту, қаржылық жыл бойынша аудандық бюджеттің шығындар мен түсімдерінің бір қалыптылығын қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық берешегіне жол бермеу бөліктерінде мемлекеттік қаржымен басқару сапасы арттырылсын;
6)бақылау қорытындысы бойынша көрсетілген бұзушылық және кемшіліктерге ерекше назар аударылсын, олар уақтылы жойылсын және келешекте ұқсас бұзушылықтарға жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдансын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастан күшіне енеді.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихаттың шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 13 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3564 болып тіркелді)
Переметный ауылы №26-3 2014 жыл 6 маусым
Зеленов аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№20-2 «2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «4 395 534 мың» деген сан «4 495 534 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«1 003 896 мың» деген сан «1 073 896 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«50 000 мың» деген сан «80 000 мың» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 373 644 мың» деген сан «4 466 744 мың» деген санмен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «0 мың» деген сан «6 900 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«қаржы активтерiн сатып алу» деген жолындағы «0 мың» деген сан «6900 мың» деген санмен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихат шешімі
Переметный ауылы №25-1 2014 жылғы 29 сәуір
Зеленов аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№20-2 «2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(ҚР Әділет министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік - құқықтық кесімдердеі мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 11.05.2014ж. №3518 болып енгізілді)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «4 213 017 мың» деген сан «4 395 534 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«3 153 781 мың» деген сан «3 336 298 мың» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 186 248 мың» деген сан «4 373 644 мың» деген санмен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «63 894 мың» деген сан «33 920 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«бюджеттік кредиттерді өтеу» жолындағы «0 мың» деген сан «29 974 мың» деген санмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-37 125 мың» деген сан «-12 030 мың» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «37 125 мың» деген сан «12 030 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«қарыздарды өтеу» жолындағы «29 974 мың» деген сан «57 352 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары» жолындағы «3 205 мың» деген сан «5 488 мың» деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «333 252 мың» деген сан «515 769 мың» деген санмен ауыстырылсын;
екінші абзацта «6 620 мың» деген сан «7 069 мың» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 7 252 мың теңге;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 1 263 мың теңге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерге жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 109 мың теңге;
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге - 173 444 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3514 болып тіркелді)
Переметный ауылы №25-2 2014 жылғы 29 сәуір
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы №20-3
«Зеленов ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Зеленов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №20-3 «Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3418 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК), жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға 2000 теңге мөлшерінде, соның ішінде қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға және екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 АЕК мөлшерінде.»;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы «айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)» деген сөздер «АЕК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №24-3 2014 жылғы 15 сәуір
Учаскелік сайлау
комиссияларының құрамын
сайлау туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 2 тарауының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі есеп комиссиясының №4 хаттамасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлансын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №24-2 2014 жылғы 15 сәуір
Аудандық мәслихат депутаттарын
сайлау бойынша округтік сайлау
комиссияларының құрамын
сайлау туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 2 тарауының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау
комиссияларының құрамы бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі есеп комиссиясының №3 хаттамасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамы сайлансын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №24-1 2014 жылғы 15 сәуір
Аудандық сайлау комиссиясының
құрамын сайлау туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 2 тарауының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі есеп комиссиясының №2 хаттамасы бекітілсін.
2. Аудандық сайлау комиссиясы келесі құрамда сайлансын:
1. Воскребенцева Наталья Вадимовна;
2. Кульжанова Гульназ Магжановна;
3. Ляляев Сергей Владимирович;
4. Мухина Александра Михайловна;
5. Терехов Геннадий Алексеевич;
6. Утегалиева Шолпан Салыковна;
7. Шмарина Любовь Борисовна.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Г.Ислямов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 3 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3485 болып тіркелді)
Переметный ауылы №22-1 2014 жылғы 7 наурыздағы
Зеленов ауданының аумағында
бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi
қоғамдастық жиынына қатысу үшiн
ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй
тұрғындары өкiлдерiнiң санын
айқындау тәртiбi туралы қағидасын
бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берiлiп отырған Зеленов ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Н.Ахметов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 20 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3443 болып тіркелді)
Переметный ауылы №21-3 2014 жылғы 25 ақпан
Зеленов ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Зеленов ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Ахметова
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №21-4 2014 жылғы 25 ақпан
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылдың 26 қаңтарындағы № 30-1
«2011-2015 жылдарға арналған Зеленов
ауданының аумағын дамыту
бағдарламасы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы №91 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1 «2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аумағын дамыту бағдарламасында:
«Ағымдық ахуалды талдау» 2 бөлімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Н.Ахметова
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №21-2 2014 жылғы 25 ақпан
Аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Н.Ахметова
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3434 болып тіркелді)
Переметный ауылы №21-1 2014 жылғы 25 ақпан
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№20-2 «2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «4 183 043 мың» деген сан «4 186 248 мың» деген санмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «- 33 920 мың» деген сан «- 37 125 мың» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «33 920 мың» деген сан «37 125 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары» жолындағы «0 мың» деген сан «3 205 мың» деген санмен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Ахметова
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов