Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3418 болып тіркелді)
Переметный ауылы №20-3 2013 жылғы 26 желтоқсан
Зеленов ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленсін.
3. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-3 «Зеленов ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-143 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
«КЕЛIСIЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары Б.Мәкен
2013 жылғы «26» желтоқсан
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3404 болып тіркелді)
Переметный ауылы №20-2 2013 жылғы 27 желтоқсан
2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 4 213 017 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 003 896 мың тенге;
салықтық емес түсімдер - 5 340 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 50 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 153 781 мың теңге;
2) шығындар - 4 183 043 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 63 894 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 63 894 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 33 920 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 33 920 мың теңге:
қарыздар түсімі - 63 894 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 29 974 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2014 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4 тармағына сәйкес қалыптастырылады.
3. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 - бабы қатерге және басшылыққа алынсын.
1) 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 333 252 мың теңге көлемінде ескерілсін, соның ішінде:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға- 6 620 мың теңге;
негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға- 12 291 мың теңге;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыларын көтеруге - 20 351 мың теңге;
инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға - 154 621 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға - 20 000 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 55 475 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін кредиттер - 63 894 мың теңге;
2) 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 37 130 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:
«Махамбет ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 5 185 мың теңге;
«Щапов ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 4 504 мың теңге;
«Көшім ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 5 662 мың теңге;
«Рубежин ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге -9 273 мың теңге;
«Володарское ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 8 842 мың теңге;
«Павлово ауылындағы су құбырын қайта құру» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 3 664 мың теңге.
4. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:
1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100 % есепке алынады;
2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100 % есепке алынады.
5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
6. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеуге сомасы 29 974 мың теңге қарастырылсын.
7. 2014 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 19 382 мың теңге көлемінде бекітілсін.
8. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақы және тарифтік ставкалары жиырма бес пайызға көтеру белгіленсін.
9. 2014 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Переметный ауылы №20-9 2013 жылғы 27 желтоқсан
Аудандық мәслихатының кезекті
сессиясының төрағасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып болып №6 Көшім сайлау округінен депутат Ахметова Надия Абриковна сайлансын.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Переметный ауылы №20-8 2013 жылғы 18 желтоқсан
Аудан әкімдігі жанындағы діни
бірлестіктерімен қарым-қатынас
жөніндегі Кеңесінің дербес
құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №7-28/1165 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктерімен қарым-қатынас жөніндегі Кеңес келесі дербес құрамында бекітілсін:
Жакупов Карим Каримуллинович - аудан әкімі, Кеңес төрағасы;
Кульжанова Гульназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
Жунусова Тайшибай Уринбековна - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Кеңес хатшысы;
Кеңес мүшелері:
Халауедин Аян Халауединұлы - Переметный ауылдық округінің әкімі;
Есеналиев Серик Рахметулович - аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич - «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының директоры, «Ауыл тынысы» Зеленов аудандық газетінің редакторы, аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);
Кожахметов Абзал Сагинбаевич - аудандық әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша);
Айтенов Ерлан Бауыржанұлы - аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы (келісім бойынша);
Жакупов Мендеш Атауович - Дариян мұсылмандар мешітінің бас имамы (келісім бойынша);
Лемачко Георгий Леонидович - «Казанская Икона Божьей Матери» шіркеуінің протоиерейі (келісім бойынша);
Корчажников Владимир Павлович - «Успенье Божьей Матери Храмы» Орал Епархиясының басшысы - протоиерейі (келісім бойынша).
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеленов аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Переметный ауылы №20-7 2013 жылғы 18 желтоқсан
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-6
«Аудандық әкімдіктің дербес құрамы
туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңдарына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №7-28/1164 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі «Аудандық әкімдіктің дербес құрамы туралы» №3-6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аудандық әкімдіктің дербес құрамынан шығарылсын:
Байменов Мурат Болатович - Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;
Темиров Калаубек Баубекович - Зеленов аудан әкімі аппаратының басшысы;
аудандық әкімдіктің дербес құрамына енгізілсін:
Залмуканов Мурат Дюсенович - Зеленов аудан әкімі аппаратының басшысы.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Переметный ауылы №20-6 2013 жылғы 18 желтоқсан
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 3 маусымдағы №33-3
«Зеленов ауданында құқық бұзушылық
профилактикасының 2011-2013 жылдарға
арналған шаралар жоспары туралы»
шешімінің орындалуы туралы
Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.М.Сидагалиевтің ақпаратын тыңдап және талқылап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.М.Сидагалиевтің
«Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы №33-3 «Зеленов ауданында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған шаралар жоспары туралы» шешімінің орындалуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Переметный ауылы №20-5 2013 жылғы 18 желтоқсан
2014 жылға арналған Зеленов
аудандық мәслихатының жұмыс
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған Зеленов аудандық мәслихатының жұмыс жоспарыбекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3388 болып тіркелді)
Переметный ауылы №20-1 2013 жылғы 26 желтоқсан
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№8-2 «2013-2015 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-2 «2013-2015 жылдарғаарналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3136 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «3 986 325 мың» деген сан «3 944 356 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«845 160 мың» деген сан «1 050 160 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«3 029 708 мың» деген сан «2 782 739 мың» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «3 990 887 мың» деген сан «3 948 918 мың» деген санмен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «24 653 мың» деген сан «29 100 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«147 094 мың» деген сан «151 541 мың» деген санмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-31 215 мың» деген сан «-35 662 мың» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «31 215 мың» деген сан «35 662 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«қарыздар түсімі» жолындағы «145 404 мың» деген сан «149 851 мың» деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «538 623 мың» деген сан «534 323 мың» деген санмен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «9 729 мың» деген сан «9 610 мың» деген санмен ауыстырылсын;
оныншы абзацта «19 252 мың» деген сан «19 385 мың» деген санмен ауыстырылсын;
он бірінші абзацта «180 221 мың» деген сан «180 040 мың» деген санмен ауыстырылсын;
он екінші абзацта «145 404 мың» деген сан «149 851 мың» деген санмен ауыстырылсын;
он үшінші абзацта «43 057 мың» деген сан «34 477 мың» деген санмен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 9 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3371 болып тіркелді)
Переметный ауылы №19-3 2013 жылғы 18 қараша
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3
«Зеленов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4
«Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын
үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2013 жылғы 31 шілдедегі №2а-960 Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3 «Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4 «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3159 тіркелген, 2013 жылғы 8 ақпандағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешімнің 1 тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын сегізінші, оныншы, он бірінші абзацтарын және осы шешімнің 1 тармағының тоғызыншы, он екінші және он үшінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №19-2 2013 жылғы 18 қараша
Зеленов аудандық мәслихатының 2013
жылғы 16 қазандағы №18-1 «Зеленов
аудандық мәслихатының 2012 жылғы
20 желтоқсандағы №8-3 «Зеленов
аудандық мәслихатының 2010 жылғы
31 наурыздағы №21-4 «Зеленов ауданында
азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы» шешімін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазандағы №18-1 «Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3 «Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4 «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі жойылсын.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н.Дузбатыров
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3363 болып тіркелді)
Переметный ауылы №19-1 2013 жылғы 18 қараша
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-2
«2013-2015 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-2 «2013-2015 жылдарғаарналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3136 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Дүзбатыров
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №17-7 2013 жылғы 30 қыркүйек
Аудандық мәслихатының кезекті
сессиясының төрағасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып болып №1 Переметный сайлау округінен депутат Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич сайлансын.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №17-6 2013 жылғы 30 қыркүйек
Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес
ұйымдармен қарым-қатынаc және
ынтымақтастық бойынша
аудандық консультативтік Кеңесінің
жаңа дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2013 жылғы 19 қыркүйектегі Зеленов ауданы әкімдігінің №655 қаулысы және 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №7-28/855-1 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынаc және ынтымақтастық бойынша аудандық консультативтік Кеңесінің жаңа дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы «Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңесінің жаңа дербес құрамы туралы» №33-6, 2012 жылғы 19 сәуірдегі «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы №33-6 «Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынаc және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңесінің жаңа дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №3-9, 2012 жылғы 27 шілдедегі «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы №33-6 «Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынаc және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік Кеңесінің жаңа дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімдері жойылсын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№17-6 шешіміне
қосымша
Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынаc және ынтымақтастық бойынша аудандық консультативтік Кеңесінің жаңа дербес құрамы
1. Жакупов Карим Каримуллинович - аудан әкімі, Кеңес төрағасы;
2. Кульжанова Гульназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
3. Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Кеңес хатшысы;
Кеңес мүшелері:
4. Айекешева Шарбану Рахимовна - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
5. Жалмурзин Фархат Казбекович - «Қазақстан Каратэ-до Сетокай» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
6. Искалиев Марат Куспанович - «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» аудандық филиалының төрағасы (келісім бойынша);
7. Кожахметов Абзал Сагинбаевич - аудандық әділет басқармасының басшысы.
8. Сергазиева Айгуль Абубакировна - аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары;
9. Тулепкалиев Тлекбай Кажмуратович - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
Зеленов аудандық мәслихатының Шешімі
Переметный ауылы №17-5 2013 жылғы 30 қыркүйек
Жастар жұмысы бойынша
аудандық Кеңесінің дербес
құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №417, 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №654 қаулылары және аудан әкімінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №7-28/720, 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №7-28/855-1 хаттары негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жастар жұмысы бойынша аудандық Кеңесінің дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы №33-7 «Жастар жұмысы жөніндегі аудандық Кеңесінің жаңа дербес құрамы туралы» шешімі жойылсын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№17-5 шешіміне
қосымша
Жастар жұмысы бойынша аудандық Кеңесінің дербес құрамы
1. Жакупов Карим Каримуллинович - аудан әкімі, Кеңес төрағасы;
2. Кульжанова Гульназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
3. Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Кеңес хатшысы;
Кеңес мүшелері:
4. Абулхайырова Хадиша Захаровна - Зеленов колледжі директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары (келісім бойынша);
5. Бадаков Бекзат Гаппарович - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
6. Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич - «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының директоры - аудандық «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы (келісім бойынша);
7. Жалмурзин Фархат Казбекович - «Қазақстан Каратэ-до Сетокай» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
8. Исмагулов Оспан Рамазанович - «Жастар болашағы - Будущее молодежи» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
9. Нурумов Аслан Дисенович - «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
10. Сергазиева Айгуль Абубакировна - аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары;
11. Терехова Галина Алексеевна - Зеленов аудандық балалар, жасөспірімдер, туризм және экология орталығының директоры (келісім бойынша).
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №17-4 2013 жылғы 30 қыркүйек
Аудан әкімі жанындағы
мемлекеттік рәміздер жөніндегі
аудандық комиссиясының дербес
құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 маусымдағы №308, 2013 жылғы 19 шілдедегі №418 қаулылары және аудан әкімінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №7-28/720 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі .
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№17-4 шешіміне
қосымша
Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы
1. Жакупов Карим Каримуллинович - аудан әкімі, комиссия төрағасы;
2. Кульжанова Гульназ Магжановна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
3. Жунусова Тайшибай Урынбековна - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
4. Бадаков Бекзат Гаппарович - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
5. Джармухамбетова Айгуль Каировна - аудандық мұрағат бөлімінің директоры (келісім бойынша);
6. Кожахметов Абзал Сагинбаевич - аудандық әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша);
7. Сигунов Анатолий Константинович - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
8. Сергазиева Айгуль Абубакировна - аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары;
9. Садыхов Денис Арифович - Зеленов ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
10. Сергазиев Марат Тасеменович - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
11. Тулепкалиев Ерик Тлекбаевич - аудан әкімі аппаратының бас маманы.
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №17-3 2013 жылғы 30 қыркүйек
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-5
«Аудан әкімдігі жанындағы
кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі
Сараптау Кеңесінің құрамын
бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №408 қаулысы және аудан әкімінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №7-28/720 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-5 «Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптау Кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптау кеңесінің құрамынан шығарылсын:
Унгарбеков Марат Кенжетаевич - Зеленов ауданының әкімі, кеңес төрағасы;
аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптау Кеңесінің құрамына енгізілсін:
Жакупов Карим Каримуллинович - Зеленов ауданының әкімі, кеңес төрағасы.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №17-2 2013 жылғы 30 қыркүйек
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын
жүзеге асыру жөніндегі аудандық
комиссиясының дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» №636 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 500, 2013 жылғы 29 тамыздағы №521 қаулыларының және аудан әкімінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №7-28/720, 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №7-28/806 хаттары негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Зеленов аудандық мәслихатының «Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасын» жүзеге асыру мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 18 наурыздағы № 10-4 шешімі жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Аудандық мәслихатының
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№17-2 шешіміне
қосымша
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы
1. Амангалиев Акылбек Темиржанович - Зеленов аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
2. Тулепкалиев Тлекбай Кажмуратович - Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
3. Алдамжарова Гульбану Тулепкалиевна - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, комиссия хатшысы;
4. Азовсков Федор Александрович - Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы, комиссия мүшесі;
5. Баштовенко Виктор Григорьевич - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, комиссия мүшесі;
6. Дузбатыров Нуржан Тогызбаевич - Зеленов аудандық мәслихат депутаты, «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының директоры - аудандық «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы, комиссиямүшесі (келісім бойынша);
7. Железнов Виктор Георгиевич - Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, комиссия мүшесі;
8. Каркула Валентина Николаевна - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Бай» кәсіпкерлердің аудандық бірлестігінің төрайымы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
9. Кожахметов Абзал Сагинбаевич - Зеленов ауданының әділет басқармасының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
10. Сарсеев Марат Ермекович - Зеленов ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;
11. Сигунов Анатолий Константинович - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша).
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №17-1 2013 жылғы 30 қыркүйек
«Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1
«2011-2015 жылдарға арналған
Зеленов ауданының аймақтық даму
бағдарламасы туралы» шешімінің
орындалуы туралы
Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары В.Г.Железновтың ақпаратын тыңдап және талқылап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары В.Г.Железновтың «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1 «2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешімінің орындалуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
2. Зеленов аудандық әкімдікке аймақтық дамыту бағдарламасының талаптарын орындау және мақсатты индикаторларға жету үшін жергілікті атқарушы органдарының және бөлімдерінің бақылауын күшейтуі ұсынылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №16-3 2013 жылғы 21 тамыз
Зеленов ауданының әкімдігі
жанындағы терроризмге қарсы
комиссиясының құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №510 қаулысына және аудан әкімінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 7-28/739 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Аудандық мәслихатының
2013 жылғы 21 тамыздағы
№16-3 шешіміне
қосымша
Зеленов ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге
қарсы комиссиясының құрамы
|
Жакупов Карим Каримуллинович
|
Зеленов ауданының әкімі, комиссия төрағасы
|
|
Маметанов Серик Акашевич
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Зеленов аудандық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
|
Нуржанова Зухра Утегеновна |
Зеленов ауданы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы
|
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
Азовсков Федор Александрович |
Зеленов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы
|
|
Айекешева Шарбану Рахимовна |
Зеленов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
|
|
Айткалиева Сандугаш Саиновна |
Зеленов аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы
|
|
Амангалиев Акылбек Темиржанович |
Зеленов ауданы әкімінің орынбасары
|
|
Ахметова Надия Абриковна |
«Зеленов аудандық Орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
|
|
Байменов Мурат Булатович |
Зеленов ауданы әкімінің орынбасары
|
|
Жумабаева Алма Альбековна |
Зеленов аудандық білім беру бөлімінің басшысы |
|
Жунусова Тайшыбай Урынбековна |
Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
|
|
Ислямов Габитжан Капиевич |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы Зеленов аудандық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
|
|
Исмагулов Рамазан Тастаевич |
Зеленов аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)
|
|
Керешов Баубек Асылбекович |
Зеленов аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы
|
|
Кожахметов Абзал Сагинбаевич |
Зеленов ауданы әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша)
|
|
Кульжанова Гульназ Магжановна |
Зеленов ауданы әкімінің орынбасары
|
|
Махметов Ринат Джумаевич
|
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зеленов ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
|
|
Садыхов Денис Арифович |
Зеленов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
|
|
Сидагалиев Ербол Мендыханович |
Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
|
|
Тулепкалиев Тлекбай Кажмуратович |
Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
|
|
Халауедин Аян Халауединұлы |
Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
|
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №16-2 2013 жылғы 21 тамыз
Зеленов ауданының әкімі
К.К.Жакуповтың есебі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі К.К.Жакуповтың өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін орындау, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін одан әрі шешуге алда тұрған жоспарлары туралы есебін тыңдап және талқылап аудандық мәслихатШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімі К.К.Жакуповтың өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін орындау, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін одан әрі шешуге қатысты алда тұрған жоспарлары туралы есебі қаперге алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №16-1 2013 жылғы 21 тамыз
Зеленов ауданының әкімшілік-аумақтық
бірлікті басқару схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» қаулысына және Зеленов аудан әкімінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 7-28/694 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы негізінде қалыптастырылған, қоса беріліп отырған Зеленов ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 21 тамыздағы
№16-1 шешіміне
қосымша
Зеленов ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы
1. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3. «Зеленов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Зеленов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Зеленов аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7. «Зеленов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. «Зеленов аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Зеленов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Зеленов аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
12. «Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Железнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Зеленов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Көшім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Переметный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Рубежин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. «Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
20. «Сұлу көл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
21. «Щапов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
22. «Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
23. «Махамбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
24. «Краснов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
25. «Макаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
26. «Шалғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
27. «Раздольное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
28. «Белес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
29. «Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
30. «Трекин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
31. «Чеботарев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
32. «Чиров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
33. «Янайкин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №15-2 2013 жылғы 15 шілде
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-6
«Аудандық әкімдіктің дербес құрамы
туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңдарына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №7-28/626 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі «Аудандық әкімдіктің дербес құрамы туралы» №3-6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аудандық әкімдіктің дербес құрамынан шығарылсын:
Унгарбеков Марат Кенжетайұлы - Зеленов ауданының әкімі;
аудандық әкімдіктің дербес құрамына енгізілсін:
Жакупов Карим Каримуллинович - Зеленов ауданының әкімі.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 23 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3318 болып тіркелді)
Переметный ауылы №15-1 2013 жылғы 15 шілде
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№8-2 «2013-2015 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-2 «2013-2015 жылдарғаарналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы, 2013 жылғы 18 қаңтардағы, 2013 жылғы 25 қаңтардағы, 2013 жылғы 1 ақпандағы, 2013 жылғы 15 ақпандағы «Ауыл тынысы» газетінде №2, №3, №4, №5, №7 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «4 144 417 мың» деген сан «3 986 325 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«3 187 800 мың» деген сан «3 029 708 мың» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 142 417 мың» деген сан «3 990 887 мың» деген санмен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «38 957 мың» деген сан «24 653 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«145 404 мың» деген сан «147 094 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«106 447 мың» деген сан «122 441 мың» деген санмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-38 957 мың» деген сан «-31 215 мың» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «38 957 мың» деген сан «31 215 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«қарыздарды өтеу» жолындағы «106 447 мың» деген сан «158 788 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«бюджет қаражаттарының пайдалынылатын қалдықтары» жолындағы «0 мың» деген сан «44 599 мың» деген санмен ауыстырылсын;
3 тармақта:
1) тармақшадағы «724 160 мың» деген сан «538 623 мың» деген санмен ауыстырылсын;
екінші абзацта «24 331 мың» деген сан «27 132 мың» деген санмен ауыстырылсын;
төртінші абзацта «1 600 мың» деген сан «3 112 мың» деген санмен ауыстырылсын;
бесінші абзацта «16 459 мың» деген сан «16 279 мың» деген санмен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта «38 631 мың» деген сан «33 843 мың» деген санмен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «13 488 мың» деген сан «9 729 мың» деген санмен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
он төртінші абзац алынып тасталсын;
он бесінші абзац алынып тасталсын;
он жетінші абзац алынып тасталсын;
он сегізінші абзац алынып тасталсын;
он тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
жиырмасыншы абзац алынып тасталсын;
жиырма бірінші абзац алынып тасталсын;
жиырма екінші абзац алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 27 445 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін,оның ішінде:
Дариян ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 2 700 мың теңге;
Мичурин ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 1 600 мың теңге;
Қаражар ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 2 700 мың теңге;
Махамбет ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 3 089 мың теңге;
Щапово ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 2 496 мың теңге;
Көшім ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 2 865 мың теңге;
Рубежка ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 4 692 мың теңге;
Володар ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 5 267 мың теңге;
Павлово ауылындағы су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 2 036 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №14-2 2013 жылғы 28 маусым
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3
«Зеленов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4
«Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын
үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
шешімінің күшін қайта жалғастыру туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов аудандық соты шешімінің негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3 «Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4 «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші қайта жалғастырылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №14-1 2013 жылғы 28 маусым
Облыс әкімінің ұсынуы бойынша
Зеленов ауданының әкімі
лауазымына тағайындауға
келісім беру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің ұсынуына сәйкес Зеленов ауданының әкімі лауазымына Жақыпов Кәрім Кәримоллаұлын тағайындауға келісім берілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы В.Козин
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
шешімі
Переметный ауылы №13-6 2013 жылғы 11 маусым
Аудандық мәслихатының кезекті
сессиясының төрағасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып болып №4 Железнов сайлау округінен депутат Козин Валерий Александрович сайлансын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №13-5 2013 жылғы 11 маусым
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3
«Зеленов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4
«Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын
үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
шешімінің күшін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Зеленов аудан прокурорының талап арызының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-3 «Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4 «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші, сот қарағанға дейін, тоқтата тұрылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №13-4 2013 жылғы 11 маусым
Зеленов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 қаңтардағы №9-1
«Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылдың 20 желтоқсандағы № 8-2
«2013-2015 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы» шешімнің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Зеленов аудан әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №7-28/509 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қаңтардағы №9-1
«Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылдың 20 желтоқсандағы № 8-2 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3175 тіркелген, 2013 жылғы 8 ақпандағы, 2013 жылғы 15 ақпандағы, 2013 жылғы 1 наурыздағы «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №13-3 2013 жылғы 11 маусым
Зеленов ауданының әкімі
М.К.Унгарбековтің есебі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі М.К.Унгарбековтің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін орындау, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін одан әрі шешуге алда тұрған жоспарлары туралы есебін тыңдап және талқылап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудан әкімі М.К.Унгарбековтің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерін орындау, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін одан әрі шешуге қатысты алда тұрған жоспарлары туралы есебі қаперге алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №13-2 2013 жылғы 11 маусым
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 3 маусымдағы №33-3
«Зеленов ауданында құқық бұзушылық
профилактикасының 2011-2013 жылдарға
арналған шаралар жоспары туралы»
шешімінің орындалуы туралы
Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.М.Сидагалиевтің ақпаратын тыңдап және талқылап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.М.Сидагалиевтің
«Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы №33-3 «Зеленов ауданында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған шаралар жоспары туралы» шешімінің орындалуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
2. Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.М.Сидагалиевке
«Зеленов ауданында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған шаралар жоспарында» белгіленген нәтижелерге жету үшін қажетті шараларды қолдану.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
шешімі
Переметный ауылы №13-1 2013 жылғы 11 маусым
2012 жылға аудандық бюджеттің
орындалуы туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Зеленов аудан әкімдігімен ұсынылған 2012 жылға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекеменің есеп-қорытындысын қарап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:
кірістер - 4 205 156,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 931 154,4 мың тенге;
салықтық емес түсімдер - 12 467,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 56 296,6 мың тенге;
трансферттер түсімі - 3 205 237,9 мың теңге;
шығындар - 4 095 813,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 306 464,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 137,8 мың теңге;
қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 3 766,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 31 740,2 мың теңге:
қарыздар түсімі - 307 755,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 127 129,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 44 599,4 мың теңге.
2. 2013-2015 жылдарға арналған аудан бюджетін тиімді және сапалы
орындау мақсатында аудандық әкімдікке ұсынылсын:
бюджеттік бағдарламаларды толық көлемінде орындау және оларды жұмсау тиімділігін арттыру, сонымен қатар қаржылық тәртіпті сақтау бойынша шаралар қабылдансын;
қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің саны мен енгізу көлемін азайту, қаржылық жыл бойынша аудандық бюджеттің шығындар мен түсімдерінің бір қалыптылығын қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық берешегіне жол бермеу бөліктерінде мемлекеттік қаржымен басқару сапасы арттырылсын;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, қаржыландыру көлемдері, қойылған мақсаттар мен міндеттер, сонымен қатар орындалып жатқан шаралар шеңберінде қаражат пайдаланудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер өлшемдестігін қамтамасыз етудің қажеттілігіне назар аударылсын;
аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде аудан бюджетінің жоспарлау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжам көрсеткіштер сапасы арттырылсын;
үшжылдық бюджет шеңберінде белгіленген басымдылық пен стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкес жоспарланған бюджеттік шығындар және оларды пайдалану нәтижелерінің ұштастыруы қамтамасыз етілсін;
белгілі қаржылық кезеңге бюджеттік параметрлармен, басымдылықтар және шешімдермен барлық азаматтарды таныстыру мақсатында Зеленов ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында «Азаматтық бюджетті» орналастыру қамтамасыз етілсін, сонымен қатар аудан бюджеті орындалуы және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпарат тұрақты негізінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастан күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №12-4 2013 жылғы 22 мамыр
Сәулет - қала құрылысы Кеңесінің
дербес құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №221 қаулысының және аудан әкімінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 мамырдағы №728/417 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәулет - қала құрылысы Кеңесінің дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А.Сайпиев
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №12-3 2013 жылғы 22 мамыр
Зеленов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-3
«Учаскелік сайлау комиссияларының
құрамын сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындарына сайлансын:
№173 Аубакиров Талгат Амангалиевич;
Изгалиева Лена Галиакпаровна;
№174 Исенгалиева Сагира Магзумовна;
№189 Аккаирова Сауле Куановна;
№196 Нургалиева Динара Арипжановна;
№197 Джигильдиев Галиулла Зайнуллович;
Сартаев Ерсаин Жадгирович;
Майманова Гульнара Казиевна;
№207 Карабалиева Савиля Самарбаевна;
№212 Мамешева Шандос Сапиуловна;
Урекешева Мира Халиловна;
№223 Дичанский Сергей Викторович;
№228 Джумалиева Шолпан.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А.Сайпиев
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №12-2 2013 жылғы 22 мамыр
Зеленов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-2
«Аудандық мәслихаттың депутаттарын
сайлау жөніндегі округтік сайлау
комиссияларының құрамын
сайлау туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-2 «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау
комиссиясының құрамындағы бос орындарына сайлансын:
№ 1 Мухин Сергей Владимирович;
№ 8 Уколова Софья Набиевна.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А.Сайпиев
Переметный ауылы №12-1 2013 жылғы 22 мамыр
Зеленов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-1
«Аудандық сайлау комиссияның
құрамын сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-1 «Аудандық сайлау комиссияның құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аудандық сайлау комиссияның құрамындағы бос орынға Карамышев Владимир Владимирович сайлансын.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А.Сайпиев
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №11-4 2013 жылғы 8 сәуір
Зеленов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-3
«Учаскелік сайлау комиссияларының
құрамын сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерінен босатылсын:
№173 Аукенова Гульнар Болтаевна;
Утегалиев Сергей Сабырович;
№174 Ержигитова Салима Атауоллиевна;
№189 Шахбергенов Булат Тлепбергенович;
№197 Аманкулов Кайржан;
Сартаева Сауле Умиршеевна;
Куттубаева Гульнар Казиевна;
№207 Карабалиева Кунслу Сериковна:
№212 Курманкулова Багча Саркеевна;
Осиновскова Олеся Александровна;
№223 Калиева Алтынай Кинисовна;
№228 Кулешова Надежда Николаевна.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №11-3 2013 жылғы 8 сәуір
Зеленов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-2
«Аудандық мәслихаттың депутаттарын
сайлау жөніндегі округтік сайлау
комиссияларының құрамын
сайлау туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-2 «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау
комиссия мүшелері өз міндеттерінен босатылсын:
№1 Жанболатов Мерболат Жанболатұлы;
№7 Азаматов Нурбек Серикович;
№8 Деревенченко Елена Анатольевна.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Переметный ауылы №11-2 2013 жылғы 8 сәуір
Зеленов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-1
«Аудандық сайлау комиссияның
құрамын сайлау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №12-1 «Аудандық сайлау комиссияның құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аудандық сайлау комиссияның мүшесі Нугманов Тулеген комиссия құрамынан шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы А.Габдрахимов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудан әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ және
Зеленов аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
Переметный ауылы Переметный ауылы
3 сәуір 2013 жыл 8 сәуір 2013 жыл
№ 220 № 11-1
Батыс Қазақстан облысы Зеленов
ауданының әкімшілік-аумақтық
құрылысын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Мичурин ауылдық (селолық) округі әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №101, Красноармейск ауылдық (селолық) округі әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №47, Чувашин ауылдық (селолық) округі әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №П-31, Көшім ауылдық (селолық) округі әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №77, Достық ауылдық (селолық) округі әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №94 ұсыныс хаттары негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Зеленов ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша келесі ұсыныстар енгізілсін:
1) Мичурин ауылдық (селолық) округінің Мичурин, Зеленый, Асан, Жамбыл, Октябрьское ауылдарының шекараларындағы жалпы көлемі 215,73 км² аумағы, кейіннен Мичурин ауылдық (селолық) округін кенттер категориясына жатқызуымен, Батыс Қазақстан облысы Орал каласының әкімшілік бағынысына берілсін;
2) Красноармейск, Чувашин ауылдық (селолық) округтері таратылсын;
3) таратылған Красноармейск ауылдық (селолық) округінің Красноармейск, Спартак ауылдарының шекараларындағы аумақтары, Январцев ауылдық (селолық) округінің жаңа шекараларын белгілеу есебімен, оның әкімшілік бағынысына берілсін;
4) таратылған Чувашин ауылдық (селолық) округінің Чувашинск, Красный Урал ауылдарының шекараларындағы аумақтары, Достық ауылдық
(селолық) округінің жаңа шекараларын белгілеу есебімен, оның әкімшілік бағынысына берілсін;
5) Көшім ауылдық (селолық) округінің Жаңатаң ауылының шекарасындағы аумағы, Щапов және Көшім ауылдық (селолық) округтерінің жаңа шекараларын белгілеу есебімен, Щапов ауылдық (селолық) округінің әкімшілік бағынысына берілсін;
6) Достық ауылдық (селолық) округінің Факел ауылының шекарасындағы аумағы, Макаров және Достық ауылдық (селолық) округтерінің жаңа шекараларын белгілеу есебімен, Макаров ауылдық (селолық) округінің әкімшілік бағынысына берілсін.
Зеленов ауданының әкімі Сессия төрағасы
М.Унгарбеков А.Габдрахимов
Аудандық
мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №10-7 18 наурыз 2013 жыл
Аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық кесімдерді орындау мерзімі өтуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №10-6 18 наурыз 2013 жыл
Зеленов аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 24 тамыздағы
№37-1 «Мичурин ауылдық округі
Мичурин ауылының бас жоспарына
түзету енгізу туралы»
шешімін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2013 жылғы 28 ақпандағы №2-06070-13-01676 наразылығының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы №37-1 «Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының бас жоспарына түзету енгізу туралы» шешімі жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №10-5 18 наурыз 2013 жыл
Консультативтік-кеңесші органның
дербес құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 ақпандағы №71 қаулысы және аудан әкімінің 2013 жылғы 13 наурыздағы №7-28/205 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Консультативтік-кеңесші органының дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Зеленов аудандық мәслихатының «Консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 17 қарашадағы №38-3 және «Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 қарашадағы №38-3 «Консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 22 тамыздағы №6-2 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №10-4 18 наурыз 2013 жыл
«Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасын»
жүзеге асыру мәселелері жөніндегі
аудандық комиссиясының дербес
құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы №17 Қаулысы және аудан әкімінің 2013 жылғы 13 наурыздағы №7-28/205 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.«Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын» жүзеге асыру мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №10-3 18 наурыз 2013 жыл
Ауылды және аграрлық саясатты дамыту,
экология, табиғатты пайдалану және
техногендік процестер мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы
Ауылды және аграрлық саясатты дамыту, экология, табиғатты пайдалану және техногендік процестер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Я.Сайпиевтың есебін тыңдап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 8 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылды және аграрлық саясатты дамыту, экология, табиғатты пайдалану және техногендік процестер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Я.Сайпиевтың есебі мәліметке алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №10-2 18 наурыз 2013 жыл
Білім, денсаулық сақтау,
әлеуметтік, мәдени және
жастар саясаты, ұйымдастыру
және құқық мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның есебі туралы
Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Д.Залмукановтың есебін тыңдап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 8 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Д.Залмукановтың есебі мәліметке алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №10-1 18 наурыз 2013 жыл
Бюджет, экономика және
инфрақұрылымды дамыту
жөніндегі тұрақты
комиссияның есебі туралы
Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Б.Асановтың есебін тыңдап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 8 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Б.Асановтың есебі мәліметке алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е.Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы № 9-2 29 қаңтар 2013 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылдың 26 қаңтардағы № 30-1
«2011-2015 жылдарға арналған Зеленов
ауданының аумағын дамыту
бағдарламасы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және аудан әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №7-28/43 хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының «2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы №30-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Зеленов ауданының аумағын дамыту бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» 1 бөлімі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Ауданның дамуының көрінісі» 3 бөлімі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және қойылған мақсаттарға жету жолдары» 4 бөлімі осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е. Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 6 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3175 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 9-1 29 қаңтар 2013 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылдың 20 желтоқсандағы № 8-2
«2013-2015 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №8-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3136 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы, 2013 жылғы 18 қаңтардағы, 2013 жылғы 25 қаңтардағы «Ауыл тынысы» газетінің №2, №3, №4 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
2) тармақшадағы «4 142 417» деген сан «4 174 226» деген санмен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«38 957» деген сан «51 747» деген санмен ауыстырылсын;
«145 404» деген сан «147 094» деген санмен ауыстырылсын;
«106 447» деген сан «95 347» деген санмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «- 38 957» деген сан «-83 556» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«38 957» деген сан «83 556» деген санмен ауыстырылсын;
«0» деген сан «44 599» деген санмен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Киянская
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Переметный ауылы №8-9 20 желтоқсан 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2008 жылғы 25 желтоқсандағы №10-12
«Аудандағы біржолғы талондардың
құнын белгілеу туралы» шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының «Аудандағы біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы №10-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-80 тіркелген, 2008 жылғы 14 наурыздағы «Ауыл тынысы» газетінің №11-12 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-6
«Аудандық әкімдіктің
дербес құрамы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңдарына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №7-28/609 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі №3-6
«Аудандық әкімдіктің дербес құрамы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аудандық әкімдіктің құрамынан шығарылсын:
Залмұқанов Мұрат Дүйсенұлы - Зеленов ауданы әкім аппаратының басшысы;
Жүнісова Тайшыбай Орынбекқызы - Переметный ауылдық (селолық) округінің әкімі;
аудандық әкімдіктің құрамына енгізілсін:
Темиров Қалаубек Баубекович - Зеленов ауданы әкім аппаратының басшысы.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Т.Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №8-7 20 желтоқсан 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 3 маусымдағы №33-8
«Құқық бұзушылық профилактикасы
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
дербес құрамы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңдарына сәйкес және аудан әкімінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №7-28/608 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамынан шығарылсын:
Қапақов Ғайса Хамедулаұлы - Зеленов ауданының әкімі, комиссия төрағасы;
Искалиев Самат Владимирович - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы;
Байғазиев Армат Амангелдіұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;
Иржанов Мақсот Қабошұлы - «Ауыл тынысы» газетінің редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша);
Рашқалиев Амантай Елтайұлы - Зеленов ауданының прокуроры (келісім бойынша);
Утепбаев Асқар Карлұлы - Зеленов орталық аудандық ауруханасының директоры (келісім бойынша);
Чирова Елена Петровна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;
комиссия құрамына енгізілсін:
Унгарбеков Марат Кенжетаевич - Зеленов ауданының әкімі, комиссия төрағасы;
Нуржанова Зухра Утегеновна - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы;
Жүнісова Тайшыбай Орынбекқызы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;
Дұзбатыров Нұржан Тоғызбайұлы - «Жайық Пресс» ЖШС-нің Зеленов аудандық филиалының директор - редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша);
Ахметова Надия Абриковна - Зеленов орталық аудандық ауруханасының директоры (келісім бойынша);
Тулепкалиев Тлекбай Кажмуратович - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Т.Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Переметный ауылы №8-6 20 желтоқсан 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 3 маусымдағы №33-3
«Зеленов ауданында құқық бұзушылық
профилактикасының 2011-2013 жылдарға
арналған шаралар жоспары туралы»
шешімінің орындалуы туралы
Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Т.Жумагалиевтың ақпаратын тыңдап және талқылап және де Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Т.Жумагалиевтың
«Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 маусымдағы №33-3 «Зеленов ауданында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған шаралар жоспары туралы» шешімінің орындалуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
2. Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Т.Жумагалиевке
«Зеленов ауданында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған шаралар жоспарында» белгіленген нәтижелерге жету үшін қажетті шараларды қолдану.
Сессия төрағасы Т.Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3159 болып тіркелді)
Переметный ауылы №8-3 20 желтоқсан 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы №21-4
«Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын
үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №4-5419 ұсынысы негізінде аудандық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3152 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 8-5 20 желтоқсан 2012 жыл
Зеленов ауданы жерлерін
аймақтарға бөлу жобасын
(схемасын) және жер учаскелері
үшін төлемақының базалық
ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Зеленов ауданы жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
2. Зеленов аудандық мәслихатының «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» 2009 жылғы 5 наурыздағы №11-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-85 тіркелген, 2009 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл тынысы» газетінің №18 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2013 жылғы 9 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 8-2 20 желтоқсан 2012 жыл
2013-2015 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3118 тіркелген) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3123 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 8-1 20 желтоқсан 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылдың 20 желтоқсандағы № 40-1
«2012-2014 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №36-1 «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3114 тіркелген) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №40-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-137 тіркелген, 2012 жылғы 21 қаңтардағы, 2012 жылғы 27 наурыздағы, 2012 жылғы 31 наурыздағы, 2012 жылғы 7 сәуірдегі, 2012 жылғы 14 сәуірдегі «Ауыл тынысы» газетінің №3, №12, №13, №14, №15 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «4 138 567» деген сан «4 133 749» деген санмен ауыстырылсын;
«3 251 109» деген сан «3 246 291» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 105 650» деген сан «4 100 832» деген санмен ауыстырылсын;
3 тармақта:
1) тармақшадағы «697 474» деген сан «692 656» деген санмен ауыстырылсын;
үшінші абзацта «8 194» деген сан «8 188» деген санмен ауыстырылсын;
бесінші абзацта «16 161» деген сан «15 418» деген санмен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта «39 202» деген сан «39 144» деген санмен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «2 539» деген сан «1 150» деген санмен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта «4 029» деген сан «3 029» деген санмен ауыстырылсын;
оныншы абзацта «19 314» деген сан «17 926» деген санмен ауыстырылсын;
он төртінші абзацта «9 692» деген сан «6 855» деген санмен ауыстырылсын;
он жетінші абзацта «110 073» деген сан «109 667» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«ауданның жалпы білім беретін мектептердің штаттарына логопед, дефектолог енгізілуіне және мектепке дейінгі ұйымдарының жанынан екі инклюзивті кабинеттің ашылуына байланысты - 3 009 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №7-2 23 қараша 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 23 қаңтардағы №1-2-1
«Тұрақты комиссиясының мүшелерін
және төрағасын сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 қаңтардағы №1-2-1
«Тұрақты комиссиясының мүшелерін және төрағасын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамынан шығарылсын:
Мақсот Кавушұлы Иржанов - №3 Зеленов сайлау округінен депутат;
комиссия құрамына енгізілсін:
Сергей Сабырович Утегалиев - №3 Зеленов сайлау округінен депутат.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Т.Залмұқанов
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2012 жылғы 29 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3112 болып тіркелді)
Переметный ауылы № 7-1 23 қараша 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылдың 20 желтоқсандағы № 40-1
«2012-2014 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов аудандық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №40-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-137 тіркелген, 2012 жылғы 21 қаңтардағы, 2012 жылғы 27 наурыздағы, 2012 жылғы 31 наурыздағы, 2012 жылғы 7 сәуірдегі, 2012 жылғы 14 сәуірдегі «Ауыл тынысы» газетінің №3, №12, №13, №14, №15 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «4 136 643» деген сан «4 138 567» деген санмен ауыстырылсын;
«825 262» деген сан «827 246» деген санмен ауыстырылсын;
«9 900» деген сан «7 916» деген санмен ауыстырылсын;
«3 249 185» деген сан «3 251 109» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 103 726» деген сан «4 105 650» деген санмен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«таза бюджеттік кредиттеу» жолындағы «207 252» деген сан «265 500» деген санмен ауыстырылсын;
«бюджеттік кредиттер» жолындағы «249 907» деген сан «308 155» деген санмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-178 101» деген сан «-236 349» деген санмен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «178 101» деген сан «236 349» деген санмен ауыстырылсын;
«қарыздар түсімі» жолындағы «249 507» деген сан «307 755» деген санмен ауыстырылсын;
3 тармақта:
1) тармақшадағы «637 302» деген сан «697 474» деген санмен ауыстырылсын;
бесінші абзацта «15 983» деген сан «16 161» деген санмен ауыстырылсын;
оныншы абзацта «17 568» деген сан «19 314» деген санмен ауыстырылсын;
он үшінші абзацта «99 507» деген сан «157 755» деген санмен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Залмұқанов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
Переметный ауылы №6-2 22 тамыз 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 17 қарашадағы №38-3
«Консультативтік-кеңесші органның
дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңдарына сәйкес және Зеленов ауданы әкімінің 2012 жылғы 16 тамыздағы №572/1 хаты негізінде аудандық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
Зеленов аудандық мәслихатының шешімі
(БҚО әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қыркүйектегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3087 болып тіркелді)
Переметный ауылы №6-1 22 тамыз 2012 жыл
Зеленов аудандық мәслихатының
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
№40-1 «2012-2014 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы