Меню

Страницы

Статья

Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесі туралы ереже

2022 жылғы 2 наурыздағы

Бәйтерек ауданы Қоғамдық

кеңеспен бекітілді

                        

 

Бәйтерек ауданының  Қоғамдық кеңесі туралы  ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі –ереже) "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Бәйтерек ауданының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, жергілікті мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган болып табылады.

 

2-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

1-параграф. Қоғамдық кеңесті азаматтық қоғамнан қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу

 

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
  2. Жұмыс тобының сандық құрамын мәслихат хатшысы жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін айқындайды.

       Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын аудандық мәслихат хатшысы өз бетінше айқындайды.

        Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

  1. Аудандық мәслихат мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
  2. Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
  3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе аудандық мәслихаттың электрондық мекенжайына жібереді:

1) осы  ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде аудандық мәслихат жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастырады.
  2. Кандидаттар тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
  3. Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Аудандық мәслихат құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастыруды жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландырумен бір мезгілде жүргізеді.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы  ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде аудандық мәслихатқа береді не электрондық поштасына жібереді.

  1. Аудандық мәслихат жұмыс тобы отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарды, байқаушыларды отырысты өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
  2. Аудандық мәслихат жұмыс тобының отырысын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
  3. Жұмыс тобының бірінші отырысын аудандық мәслихат хатшысы жүргізеді.

Жұмыс тобының келесі отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді.

  1. Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысушы азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өзінің кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
  2. Жұмыс тобының құрамын аудандық мәслихат хатшысы бекітеді.
  3. Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы сайланады.
  4. Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аудандық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.
  5. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы қол қояды.
  6. Жұмыстобыкелесініжүзегеасырады:

 1) халықтыҚоғамдықкеңестіңмүшелерінсайлаужөніндегіконкурстуралыхабардаретеді;

 2) біріншіотырыстаҚоғамдықкеңесмүшелерініңсандыққұрамын:

жергіліктідеңгейдеЗаңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасыныңережелерінескереотырыпайқындайды.

 3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;

 4) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;

 5) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.

  1. Жұмыс тобының отырысы оған жұмыс тобының басшысын есепке ала отырып, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
  2. Жұмыс тобының және оның жетекшісінің өкілеттіктері Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіткеннен кейін тоқтатылады.
  3. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.

  1. Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады.
  2. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
  3. Хабарландыруда:

1) мемлекеттік органның атауы,

2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;

3) мемлекеттік органдардың мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе аудандық мәслихаттың электрондық мекенжайына жібереді.
  2. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізеді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысына шешуші дауыс құқығы беріледі.
  3. Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған мүшелері Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін береді.
  4. Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған құжаттардың негізінде Жұмыс тобы белгілеген нысан бойынша Кандидаттарды бағалау парағын толтырады.
  5. Жұмыс тобының мүшелері талқылау қорытындылары бойынша кандидаттарды бағалаудың жиынтық балдарын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің құрамын ашық дауыс беру арқылы қалыптастырады.
  6. Қоғамдық кеңесте мемлекеттік органнан өкілдік етуді мәслихат хатшысы конкурс өткізбей бекітеді.
  7. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын аудандық мәслихаты бекітеді және Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
  8. Мемлекеттік органнан өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттіктерін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді аудандық мәслихат хатшысы қабылдайды.
  9. Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі кейіннен Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерін алмастыру мақсатында жұмыс тобының шешімімен қалыптастырылады.
  10. Резервтік тізімдегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайларда, Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
  11. Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
  12. Хабарландыруда:

1) мемлекеттік органның атауы;

2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;

3) мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, пошта немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді.
  2. Қоғамдық кеңес құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды өткізеді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі.
  3. Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері өкілеттіктерін тоқтатқан Қоғамдық кеңес мүшелері өкілеттіктерінің қалған мерзіміне сайланады (тағайындалады).

 2-параграф. Қоғамдық кеңестің жұмыс органдарын ұйымдастыру

  1. Қоғамдық кеңес тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттерді (комиссиялар), сараптама топтарын құрады.
  2. Қоғамдық кеңес тұрақты жұмыс органдары - комитеттерді (комиссиялар) құрады. Комитеттердің (комиссиялар) сандық құрамын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды, бұл ретте кемінде үш адамды құрайды.
  3. Комитеттер (комиссиялар) Қоғамдық кеңестің шешімімен Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық маңызы бар мәселелерін зерделеу үшін құрылады.
  4. Комитеттердің (комиссиялар) құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады, оны Қоғамдық кеңестің өзі айқындайды және оның отырысында бекітіледі.
  5. Комитеттердің (комиссиялар) өкілеттігі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тоқтатылады.
  6. Қоғамдық кеңестер уақытша жұмыс органдарын - сараптама топтарын құрады. Сараптама топтары Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.
  7. Сараптама топтарының құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастрылады.
  8. Қоғамдық кеңестің сараптама топтары:

 1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады; және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;

 2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.

  1. Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша сараптама тобы қорытынды жасайды және оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарауға жібереді.

Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.

 3-тарау. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері

  1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестер өкілеттіктерін Заңның 5-бабына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Қоғамдық кеңестер Заңның 5-бабының 1-тармағында және 5-1-бабының 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін отырыстар өткізеді.
  3. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

Қоғамдық кеңестің отырыстарын бейнеконференция байланысы режимінде өткізуге рұқсат етіледі.

  1. Қоғамдық кеңестің отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылады.
  2. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес Заңның 5-бабының 2-тармағында, 5-1-бабының 2-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік органдардың қарауы және шешімдер қабылдауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
  3. Қоғамдық кеңес жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдар жіберген азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды.
  4. Қоғамдық кеңестің хатшысы нормативтік құқықтық актінің жобасын алған кезден бастап ұсыныстар енгізу үшін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңес мүшелеріне қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық пошта арқылы жіберуді ұйымдастырады.
  5. Қоғамдық кеңестің мүшелері екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарап, Қоғамдық кеңестің хатшысына нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын қараусыз қалдыру жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.
  6. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің келіп түскен ұсыныстарын түпкілікті шешім қабылдау үшін Қоғамдық кеңес төрағасының қарауына енгізеді.
  7. Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе қараусыз қалдыру жөніндегі шешімі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  8. Қоғамдық кеңес шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңестің хатшысы орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдарды Қоғамдық кеңестің қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.
  9. Қоғамдық кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өтетін оның отырысына қарау үшін енгізіледі.
  10. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша шешім Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  11. Дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің хатшысы қаралатын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдарының жобасын дайындайды және Қоғамдық кеңестің төрағасына қол қоюға енгізеді.
  12. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауға ұсынған орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдарға қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық пошта арқылы жібереді.
  13. Заңның 5-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестер мемлекеттік органның немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік өңірінің тиісті қызмет саласындағы қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
  14. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) өз құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе жергілікті өкілді органға өтініш жіберу туралы;

2) осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау туралы;

3) келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін өткізу туралы.

  1. Қоғамдық кеңестің хатшысы өтініш берушіге оның өтінішіне дайындалған жауапты заңнамада көзделген мерзімде жібереді.
  2. Қоғамдық кеңестің төрағасы өз өкілеттіктері шеңберінде:

 1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

 2) отырыстарда төрағалық етеді;

 3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

  1. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді, Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындауды және өткізуді, Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

  1. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
ережеге 1-қосымша

 

 

Нысан

 

Кімге _____________________

_________________________
(мемлекеттікорганныңатауы)
__________________________

__________________________
тұратын
(елдімекен, көше, үй, пәтер)
кімнен___________________
__________________________
(өтінішберушініңаты, жөні,тегі
(барболғанжағдайда),
жекекуәлік № ______________,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

 

      Қоғамдықкеңестіқалыптастыружөніндегіжұмыстобыныңқұрамынаенгізуүшінөзкандидатурамдыұсынамын.

       Меносыөтінішарқылы "Қоғамдықкеңестертуралы" 2015 жылғы 2 қарашадағыҚазақстанРеспубликасыЗаңыныңережелеріментанысқанымдырастаймынжәнеоныңталаптарынсақтауғаміндеттенемін.

      Мынадайқұжаттардықосаберемін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

     

 

     20___ жылғы "____"             Өтінішберушініңқолы ___________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

Кімге ______________________
(мемлекеттікорганныңатауы)
__________________________
тұратын
(елдімекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтінішберушініңаты, жөні, тегі
(барболғанжағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

 

Өтініш

     

 

 

Қоғамдықкеңестіқалыптастыружөніндегіжұмыстобыныңмүшелерініріктеубойыншаконкурсқабайқаушыретіндеенгізуүшінөзкандидатурамдыұсынамын.

      Мынадайқұжаттардықосаберемін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы "____"             Өтінішберушініңқолы ___________




 

2019 жылғы «22» ақпандағы

№31- 3 Бәйтерек ауданы

мәслихатының шешімімен бекітілген

Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі –ереже) "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Бәйтерек ауданы қоғамдық кеңесі (бұдан әрі –Қоғамдық кеңес) – жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, бақылаушы органдар.

3. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысын басшылыққа алады.

 

2-тарау. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құрудың тәртібі 1-параграф. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

4. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен, азаматтар қатарынан Заңда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде құрылады.

5. Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс органының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізгенге дейін аудандық мәслихат хатшысы анықтайды.

Мемлекеттік органнан жұмыс тобының құрамындағы өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын аудандық мәслихат хатшысы өзі айқындайды.

Азаматтық қоғамнан жұмыс тобының құрамындағы өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдармен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

6. Жұмыс тобының құрамы аудандық мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі. Жұмыс тобының жетекшісі мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы – хатшыны тағайындайды, оған Қоғамдық кеңестің жұмыс органының функцияларын орындау жүктеледі.

7. Мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, аудандық мәслихат жергілікті деңгейде жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

8. Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

10. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

11.Кандидаттар тізімін құру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.

Аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландырумен бір мезгілде құжаттарды ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жолданатын пошта және электрондық мекенжайын көрсете отырып, байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті аудандық маслихатқа ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

12. Аудандық маслихат отырысты өткізуге дейін үш жұмыс күні қалғанда жұмыс тобы отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшесіне кандидаттарды, байқаушыларды хабардар етеді.

Аудандық маслихат жұмыс тобының отырысын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді.

13. Жұмыс тобының отырысын аудандық маслихат хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) жүргізеді.

14. Жұмыс тобының бірінші отырысында дауыс беруде жұмыс тобының басшысы Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік органның өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобы мүшесіне кандидаттар қатысуға құқылы. Коммерциялық емес ұйымдардан кандидат өз кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттар отырысқа қатысуға міндетті.

15. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланған болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.

16. Жұмыс тобының шешімі аудандық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы және хатшы қол қояды.

 

2-параграф. Жұмыс тобының қызмет тәртібі

17. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын дайындайды.

18. Жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының басшысын қоса алғанда, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып есептеледі.

19. Жұмыс тобы кезекті құрамдағы Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің толық мерзіміне құрылады.

 

3-тарау. Қоғамдық кеңестерді құру тәртібі

20. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы анықтайды.

21. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастырады. Хабарландыруда мемлекеттік органның атауы, құжаттар жолданатын пошталық және электрондық мекенжайлар, құжаттарды ұсыну мерзімдері және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.

22. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жұмыс тобына қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жазбаша нысанда (пошталық немесе электрондық мекенжайға) жолдайды.

23. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.

24. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңес құрамына сайланған болып есептеледі. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.

25. Қоғамдық кеңеске мемлекеттік органның атынан өкілдікті мемлекеттік органның басшысы конкурс өткізбей бекітеді.

26. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның шешімімен бекітіледі және Қоғамдық кеңес құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

 

4-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

1-параграф. Қоғамдық кеңестің қызметін жүзеге асыру тәртібі

27. Қоғамдық кеңес комиссияны Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан құрады.

28. Қоғамдық кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары әзірленеді және Қоғамдық кеңес отырысында бекітіледі.

29. Қоғамдық кеңес отырысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп саналады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына рұқсат етіледі.

30. Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шеңберінде:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіппен кезектілік бойынша оларға сөз береді;

4) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;

5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;

6) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;

7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

8) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;

9) кеңесші дауыс құқығымен аудандық мәслихаттың отырыстарына қатысады;

10) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;

11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.

31. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу, Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, Қоғамдық кеңестегі іс қағаздарды жүргізу, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің іске асырылу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңес хатшысы өз құзыреті шегінде:

1) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы оның мүшелеріне отырысты өткізу уақыты мен орны, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесі туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;

3) Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;

4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлейді және Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы не қолма-қол жеткізеді;

5) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

32. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша нысанда өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

33. Қоғамдық кеңес мүшесінің денсаулық жағдайына байланысты не өзге де негіздер бойынша оның жұмысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Заңда айқындалған тәртіпте Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша мүшеліктен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

34. Қоғамдық кеңес Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына шыққан адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені қосу туралы шешім қабылдайды.

 

2-параграф. Отырыстарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі

35. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады, олар мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.

36. Қоғамдық кеңестің отырыстары Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі.

37. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен мамандар шақыруы мүмкін.

38. Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) отырыстың өтетін орны мен уақыты;

2) қатысушылар саны;

3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

4) күн тәртібі, есеп пен баяндаманың мазмұны белгіленеді.

39. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

40. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.

41. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

42. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.

43. Қоғамдық кеңестің қызметімен байланысты құжаттар Қоғамдық кеңесті құруға қатысқан мемлекеттік органда, оның өкілеттік ету мерзімінде электрондық және/немесе қағаз түрінде сақталады.

Сонымен бірге Қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты құжаттар мемлекеттік органның архивіне сақтауға беріледі.

 

5-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер

44. Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында регламенттеледі.

 

Қоғамдық кеңес туралы

ережеге

1-қосымша

 

Нысан

Кімге __________________________

(жергілікті деңгейлердегі

өкілетті органның атауы)

___________________________

тұратын

(елді мекен, көше, үй, пәтер)

кімнен

__________________________

__________________________

(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке

куәлік № ____, берілді (қашан,

кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________________________________________________

2) _______________________________________________________________

3) _______________________________________________________________

4) _______________________________________________________________

5) _______________________________________________________________

6) _______________________________________________________________

7) _______________________________________________________________

20___ ж. "____" ___________ Өтініш берушінің қолы _______________

 

 

Қоғамдық кеңес туралы ережеге

2-қосымша

Нысан

Кімге __________________________

(жергілікті өкілетті

органның атауы)

___________________________

тұратын (елді мекен, көше, үй,

пәтер) кімнен

____________________________

____________________________

(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке

куәлік № ____, берілді (қашан,

кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде өз кандидатурамды ұсынамын.

Мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) _______________________________________________________________

2) _______________________________________________________________

3) _______________________________________________________________

4) _______________________________________________________________

5) _______________________________________________________________

6) _______________________________________________________________

7) _______________________________________________________________

20___ ж. "____" __________ өтініш берушінің қолы _______________

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

21 апреля 2026
Аудандық мәслихат депутаттары
Қоғамдық кеңес
21 апреля 2025
Бәйтерек ауданы Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Ақпарат
19 февраля 2024
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы