Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі, Дариян ауылының оңтүстік-батыс тұрғын ауданы мекенжайы бойынша егжей-тегжейлі жобасын бекіту туралы

Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі,  Дариян ауылының оңтүстік-батыс тұрғын ауданы  мекенжайы бойынша егжей-тегжейлі жобасын бекіту туралы

Бәйтерек ауданы мәслихатының шешімі Переметное ауылы №21-8 2022 жылы 20 қыркүйек Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі, Дариян ауылының оңтүстік-батыс тұрғын ауданы мекенжайы бойынша егжей-тегжейлі жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-1 бабы 2 тармақшасына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйегіндегі №7-17/997 ұсынысын қарастырып, аудандық мәслихат ШЕШТІ: 1.Ұсынылған Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі, Дариян ауылының оңтүстік-батыс тұрғын ауданы мекенжайы бойынша егжей-тегжейлі жобасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді. Мәслихат хатшысы Н.Хайруллин
Дата публикации
23 сентября 2022