Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Бәйтерек ауданы мәслихатының шешімі Переметный ауылы № 21 -4 2022 жылғы 23 қыркүйек Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихат алдында есеп беруін жүргізу туралы» №19 Жарлығына және Бәйтерек ауданы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ауданы әкімі М.Л.Токжановтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат ШЕШТІ: 1. Ауданы әкімі М.Л.Токжановтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы баяндамасы назарға алынып, атқарған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағалансын. 2. Аудан әкіміне баяндамада баяндалған, сондай-ақ депутаттардың және аудандық мәслихат сессиясының басқа да қатысушыларының айтылған ұсыныстарын ескере отырып, аудан экономикасын серпінді дамыту, экономикалық әлеуетті арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру және күшейту ұсынылсын. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен барынша қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге назар аудару. 3. Осы шешім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді. Маслихат хатшысы Н.Хайруллин
Дата публикации
23 сентября 2022