Бәйтерек ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы (№20-1)
Бәйтерек ауданы мәслихатының
кезектен тыс жиырмасыншы
сессиясының күн тәртібін бекіту
туралы
Бәйтерек ауданы мәслихатының шешімі Переметный ауылы № 20 - 1 2022 жылғы 31 тамыз Бәйтерек ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ: Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін: 1. Бәйтерек ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы. 2. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы №9-2 «Бәйтерек ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы. Баяндамашы: Аскар Сапаргалиевич Айсакаев – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы. 3. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы. Баяндамашы: Ерлан Умирзакович Туксамбаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы. 4. Бәйтерек ауданы маслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Нұржан Тоғызбайұлы Дүзбатыр – аудандық әкім аппаратының басшысы. 5. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы №7-3 «Бәйтерек ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Тлекбай Кажмуратович Тулепкалиев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы. 6. Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 6-10 «Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері бойынша аудандық Кеңестің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Нурғали Каршигиевич Жолдаскалиев – аудандық ішкі саясат бөлімінің басышысы. Мәслихат хатшысы Н.Хайруллин
Дата публикации
31 августа 2022