Бәйтерек ауданы мәслихатының шешімі
Переметный ауылы № 16-1 2022 жылғы 14 сәуір
Бәйтерек ауданы мәслихатының
кезектен тыс он алтыншы
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №12-2 «2022-2024 жылдарға арналған Бәйтерек ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ерлан Умирзакович Туксамбаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы №6-4 «Бәйтерек ауданы мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
Баяндамашы:Тлекбай Кажмуратович Тулепкалиев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
- Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №51-7
«Аудан әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Нұржан Тоғызбайұлы Дүзбатыр - аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Бәйтерек ауданы мәслихаттың 2021 жылғы 12 сәуірдегі №4-25 «Бәйтерек ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Нұржан Тоғызбайұлы Дүзбатыр - аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы №6 - 6 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық–құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық–кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Нұржан Тоғызбайұлы Дүзбатыр - аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Бәйтерек ауданының мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 6-7 «Бәйтерек ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Нұржан Тоғызбайұлы Дүзбатыр - аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №405 қаулысымен бұрын бекітілген Мичурин ауылдық оругінің Мичурин ауылының оңтүстік тұрғын ауданының бөлігінің нақты жайғастыру жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы.
Баяндамашы: Арман Амангалиевич Жұмабеков - ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
Мәслихат хатшысы Н.Хайруллин