25-28.03. 2022 жыл - кезекті 15-ші сессия

Бәйтерек ауданы мәслихатының шешімі

 Переметный ауылы                      №15-1                         2022 жылғы 25 наурыз

 

Бәйтерек ауданы мәслихатының

кезекті он бесінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:  

Аудандық мәслихаттың кезекті он бесінші  сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:  

  1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасының іске асыру барысы туралы.

           Баяндамашы:Тимур Капезович Мусагалиев – «Бәйтерек ауданы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры. 

  1. Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1-3-2 «Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелерін және төрағасын сайлау туралы»  шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.

Баяндамашы:Тлекбай Кажмуратович Тулепкалиев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

  1. Жер комиссиясы туралы.

 Баяндамашы:Аскар Сапаргалиевич Айсакаев – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

  1. Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі, «Юго-Восток» НЖЖ Асан ауылында жеке тұрғын үй құрылысы  (аз қабатты үйлер) үшін құрылыс жобасын бекіту туралы.

Баяндамашы:   Альбина Маратовна Исаева – ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы.

  1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қаңтардағы №2-3 «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Баяндамашы: Болатбек Аманжолович Ахметжанов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  Мәслихат хатшысы                                         Н.Хайруллин

Шешім №15-1 Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
08 апреля 2022