Байғанин аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының
құрамына өзгерістер енгізу жөніндегі
Х А Б А Р Л А М А
Байғанин аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Контитуциялық заңының 10 бабының 3 тармағына және 19 бабының 6 тармағына сәйкес әр түрлі себептермен шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына кандидатураларды ұсынудың басталғандығын хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссиясы бойынша бос орындар:
№ 199 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 1
№ 202 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 1
№ 204 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 1
№ 207 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 2
№ 211 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 1
№ 212 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 1
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері аудандық мәслихатқа 2025 жылғы 16 қаңтардан 06 ақпанға дейін келесі құжаттарды ұсынады:
бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына ұсыну туралы шешімінің хаттамасынан үзінді;
бөлімшелерін (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
жұмысына қатысуға белгіленген нысан бойынша өтініш.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидаттар үшін қажетті мәліметтер нысаны, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш Байғанин аудандық мәслихатының ресми сайтында https://www.baiganin-maslihat.kz/ орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сай болуы тиіс.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған болуы шарт. Құжаттардың орындалған күні, орындаған адамның аты-жөні, әкесінің аты және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларындағы бос орындар бойынша ұсыныстар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады. (үзіліс 12.30-ден 14.00-ға дейін)
Байғанин аудандық мәслихаты
Сержан Марғұлан Сержанұлы – Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы,
Мәслихаттың мекен – жайы: Қарауылкелді ауылы, Дінмұханбет Қонаев көшесі, ғим. 35А.
Жауапты тұлға – Татеров Аскар Жанбырбаевич, №209 бөлме,
байланыс телефондары: 8-71345-79048
электрондық пошта raimaslihat@list.ru
Ұсынымдарға 5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________ (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
|
1. |
|
әкесі |
|
2. |
|
анасы |
|
3. |
|
ұлы |
|
4. |
|
қызы |
|
5. |
|
ағасы |
|
6. |
|
әпкесі |
|
7. |
|
атасы |
|
8. |
|
әжесі |
|
9. |
|
немересі |
|
10. |
|
жұбайы (зайыбы) |