Байғанин аудандық мәслихатының жаңадан құрылған сайлау комиссиясының құрамы бойынша бос орындар туралы Х А Б А Р Л А М А С Ы

Байғанин аудандық мәслихатының жаңадан құрылған  сайлау комиссиясының

құрамы бойынша бос орындар туралы

Х А Б А Р Л А М А С Ы

 

Байғанин аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Контитуциялық заңының 10 бабының 3 тармағына және 19 бабының 6 тармағына сәйкес жаңадан құрылған комиссия құрамының бос орнындарына кандидатураларды ұсынудың басталғандығын хабарлайды.

 

Жаңадан құрылған сайлау комиссиясы бойынша бос орындар:

 

        № 574  учаскелік сайлау комиссиясы бойынша           7

 

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері аудандық мәслихатқа 2023 жылғы 18 сәуірден  18 мамырға дейін келесі құжаттарды ұсынады:

  • Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатуралардың белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз нысандағы мәліметті;
  • Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық

бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына ұсыну туралы шешімінің хаттамасынан үзінді;

  • Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктерді немесе олардың құрылымдық

бөлімшелерін (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

  • Кандидаттың мәслихат төрағасының атына жазылған сайлау комиссиясының

жұмысына қатысуға белгіленген нысан бойынша өтініш.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидаттар үшін қажетті мәліметтер нысаны, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш Байғанин аудандық мәслихатының ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin?lang=kk орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сай болуы тиіс.

Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған болуы шарт. Құжаттардың орындалған күні, орындаған адамның аты-жөні, әкесінің аты және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

          Сайлау комиссияларындағы бос орындар бойынша ұсыныстар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады. (үзіліс 12.30-ден  14.00-ге дейін)

 

Байғанин аудандық мәслихаты

Сержан Марғұлан Сержанұлы – Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы,

Мәслихаттың мекен – жайы: Қарауылкелді ауылы, Дінмұханбет Қонаев көшесі, ғим. 35А.

Жауапты тұлға – Татеров Аскар Жанбырбаевич, №209 бөлме,

байланыс телефондары: 8-71345-79-0-48

электрондық пошта raimaslihat@list.ru

 

Дата публикации
17 апреля 2024