Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 25 тармағына сәйкес Байғанин аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1.Байғанин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы №116 «Байғанин аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша «хатшысы», «хатшысының», «хатшысына», «хатшысын» деген сөздер «төрағасы», «төрағасының», «төрағасына», «төрағасын» сөздермен ауыстырылсын.