Хабарлама
Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайланады. Аудандағы бірқатар сайлау комиссияларында ваканттық орындар (аудандық сайлау комиссиясында 2 орын, учаскелік сайлау комиссиялары бойынша (№155 – 1, №167 – 1, №182 – 1, №183 – 1, №189 – 1, №190 – 1) бар. Осыған байланысты саяси партиялардан ұсыныстар қабылданады.
Ұсыныстар ағымдағы жылдың 7 тамызына дейін аудандық мәслихатқа мына мекенжайға ұсынуға болады.
Шаян ауылы, Бәйдібек би көшесі, № 51 үй.
Байланыс телефоны: 21661
Эл.пошта: baid_maslihat@mail.ru
Бәйдібек аудандық мәслихаты