GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 октября 2026
​Мәслихат аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша дөңгелек үстел өтті

Бүгін мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
​Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұсынымдары талқыланып, қызметкерлерге заңда белгіленген шектеулер түсіндірілді. Атап айтқанда, ұлттық спорт түрлері (көкпар т.б.) мен бұқаралық іс-шаралар кезінде ақшалай бәс тігуге, заңсыз демеушілікке, лауазымдық жағдайды пайдалануға мүлдем жол берілмейтіндігі ескертілді.

28 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

В аппарате районного маслихата прошло внутреннее собрание, посвященное вопросам профилактики и противодействия коррупции ​В совещании приняли участие руководитель аппарата маслихата и сотрудники аппарата ​Главная цель встречи-недопущение коррупционных рисков среди сотрудников повышение правовой грамотности и укрепление антикоррупционной культуры в коллективе ​В ходе совещания были рассмотрены вопросы соблюдения этических норм на государственной службе, недопущения конфликта интересов, неукоснительного выполнения требований закона и проведения внутреннего анализа коррупционных рисков ​В своем выступлении руководитель аппарата отметил важность профилактических мер в профилактике коррупции и поручил каждому работнику выполнить возложенные на него задачи прозрачно и в рамках закона ​В ходе совещания участники задавали интересующие их вопросы и обменивались мнениями

Тұрақты комиссия
26 мая 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мәселесі талқыланды

       Балқаш аудандық мәслихат аппаратының басшысы Несіпбаев Береке Ұзақбайұлының төрағалық етуімен аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда «Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында іс-шара «дөңгелек үстел» өтті.

       Іс-шара барысында Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру және «сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мәселесі талқыланды. Аппарат басшысы қызметкерлердің кәсіби әдепті сақтауы, заң талаптарын қатаң ұстануы және қоғам сеніміне кері әсер ететін әрекеттерден аулақ болуы қажеттігін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

       Дөңгелек үстел аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру жөнінде пікірлер айтылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен қызметтік тәртіпті нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Маслихат сессиясы
22 мая 2026
VIII шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының LI кезектен тыс сессиясы өткізілді

Бүгін 22 мамыр 2026 жылы  VIII  шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының LI кезектен тыс сессиясы өткізілді. Сессияда күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

 1)  «Балқаш ауданының 25 желтоқсан 2025 жылғы № 46-155 «Балқаш ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.

2) «Балқаш ауданының 31 желтоқсан 2025 жылғы № 47-156 «Балқаш ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.

3)  «Балқаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 19-76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4) «Балқаш ауданы әкімдігі жаныдағы терроризмге қарсы комиссиясының құру туралы 2025 жылғы 13 қаңтардағы №8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

 

15 мая 2026
Маслихат депутаттарына Оқу-семинар болып өтті

Жасанды интеллект мемлекеттік басқару жүйесіне белсенді түрде еніп келеді! Осы бағытта ауданымыздың депутаттары заманауи технологияларды меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін арттыруда.

🏛️ 13-15 мамыр аралығында Мемлекеттік басқару академиясында мәслихат депутаттарына арналған ЖИ құралдарын қолдану бойынша 3 күндік практикалық семинар сәтті өтті. Оқу тренингіне ауданымыздың депутаттары да қатысып, цифрлық дағдыларын шыңдады.

 

Маслихат сессиясы
27 апреля 2026
VIII шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының L кезекті сессиясы өткізілді

Бүгін 27 сәуір 2026 жылы  VIII  шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының L кезекті сессиясы өткізілді. Сессияда күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

  1)  «Балқаш  ауданының және ауылдық округтерінің 2025 жылға  арналған бюджетінің  атқарылуы туралы».

2)  «Алматы облысы Балқаш ауданының 2025 жылғы  бюджетінің атқарылуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының   есепті баяндамасы».                 

3) «Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 қазандағы № 9-33 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4) Балқаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

5) Балқаш ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомстоаралық  комиссиясына өзгерістер енгізу туралы.

Тұрақты комиссия
22 апреля 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл

      Бүгін  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агентігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан  Ақылбекұлы Сейдалиевтың қатысуымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін түсіндіру және мемлекеттік аппаратта «нөлдік төзімділік»  қағидатын орнықтыру туралы жиын өтті.

      Жиынға аудан депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері және мәслихат аппаратының мамандары қатысты.

Мәслихат депутаттары
17 апреля 2026
Маслихат депутаттары халықпен кездесу өткізді

"AMANAT" партиясы, аудандық  мәслихат депутаты Алимбаева Жайдары 17 сәуір күні  №4 сайлау округінен  Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясында  сайлаушылармен кездесу өткізді.

    Ашық форматта өткен жиында ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағыттары кеңінен талқыланды.

    Кездесу барысында ауылды,мектепті  дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар туралы айтылды.Ауыл тұрғындары мен білім саласы қызметкерлері  өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын белсенді түрде жеткізді.

    Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынатынын атап өттім. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар жоғары тұрған органдарға депутаттық сауал ретінде  жіберіледі. Әрбір ұсыныс нақты шешім табуы үшін жүйелі жұмыс жүргіземіз. Алдағы уақытта да осындай кездесулер жалғасын табады.

Маслихат сессиясы
16 апреля 2026
VIII шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының XLIX кезекті сессиясы өткізілді

Бүгін 15 сәуір 2026 жылы  VIII  шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының XLIX кезекті сессиясы өткізілді. Сессияда күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

1)  «Егін егуге дайындық, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, халықты өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудін барысы» және «2026 жылға арналған Балқаш ауданының даму жоспары»

2)  «Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы».

Маслихат сессиясы
25 декабря 2025
VIII шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының XLVI кезекті сессиясы өткізілді

Бүгін 25 желтоқсан 2025 жылы  VIII  шақырылған Балқаш ауданы мәслихатының XLVI кезекті сессиясы өткізілді. Сессияда күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

 

  1)  «Балқаш ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы