Алматы облысы Балқаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Балқаш аудандық мәслихаты Алматы облысы Балқаш аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды (жұмыс тобының сандық құрамы: 4 мүше коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар, 3  мүше мемлекеттік органдардың өкілдері).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Алматы облысы Балқаш ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша  жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Балқаш аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75,  индекс 040300, электрондық поштаның мекенжайы – maslihat_balhash@mail.ru

Құжаттарды қабылдау (5 күнтізбелік күн) 2025 жылдың 03-08 ақпан аралығында.

Балқаш аудандық мәслихатына

____________________________________________тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен

____________________________________________
______________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

Өтініш

Алматы облысы Балқаш аудандық қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды  қоса беремін:

1) __________________________________________________________

2) _______________________________________________________

3) _______________________________________________________

4) ___________________________________________________________

5) _____________________________________________________

6) ___________________________________________________       _

7) _______________________________________________________

 

Байланыс телефонының нөмірі                                                                                                                              (жұмыс тобының отырысы туралы хабарлау үшін )       

20___жыл «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________

 

Алматы облысы Балқаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Балқаш аудандық мәслихаты Алматы облысы Балқаш аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін осы хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті аудандық мәслихатқа ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Балқаш аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75,  индекс 040300, электрондық поштаның мекенжайы – maslihat_balhash@mail.ru

Құжаттарды қабылдау (5 күнтізбелік күн) 2025 жылдың 03-08 ақпан аралығында.

Балқаш аудандық мәслихатына

_______________________________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй,
пәтер) кімнен
______________________
____________________________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мынадай құжаттар қоса беріледі:

1)____________________________________________________________

2) __________________________________________________________

3) __________________________________________________________

4) ___________________________________________________________

5) __________________________________________________________

6) __________________________________________________________

7) ___________________________________________________________

 

Байланыс телефонының нөмірі                                                                                                                              (жұмыс тобының отырысы туралы хабарлау үшін )       

20___жыл «____» __________ өтініш берушінің қолы _______________

 

ҚОҒАМДҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛІГІНЕ КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
    Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
    1) сотталғандығы болмауы;
    2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
    3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
    Конкурсқа қатысу үшін:
    1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
    2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
    3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

 

Дата публикации
03 февраля 2025