Алматы облысы Балқаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның  9-бабының  3-тармағына, 14-бабының  6) тармақшасына,                 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Балқаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі 11 сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Қаулы Балқаш аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Балқаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        

 

Балқаш аудандық аумақтық

   сайлау комиссиясының төрағасы

 

 

М.Ноғайбай

 

Балқаш аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

 

 

В.Мешитбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақанас ауылы,  

28 желтоқсан 2022 жыл,                    

№24  

 

 

 

 

Балқаш аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2022 жылғы  28 желтоқсандағы

      № _24_ қаулысына

қосымша

 

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы

 

№1 сайлау округі

(орталығы – Бірлік ауылы, Рысқұлов көшесі, 19, Бірлік орта мектебі)

№97, №99 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№2 сайлау округі

(орталығы – Бақбақты  ауылы, Абай көшесі, 12, ауылдық мәдениет үйі)

№98 сайлау учаскесінің  шекарасы

 

№3 сайлау округі

(орталығы – Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 147, аудандық мәдениет үйі)

№98, №101 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№4 сайлау округі

(орталығы – Бақанас ауылы, Алтынсарин көшесі, 21, Б. Бейсекбаев атындағы 

орта мектебі)

№100 сайлау учаскесінің  шекарасы

 

№5 сайлау округі

(орталығы – Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75, Бақанас ауылдық округ

әкімшілік ғимараты)

№101, №102 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№6 сайлау округі

(орталығы – Ақдала ауылы, Қонаев көшесі, 24, ауылдық мәдениет үйі)

№103, №104, №106 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№7 сайлау округі

(орталығы – Ақкөл ауылы, Орталық көшесі, 13, ауылдық мәдениет үйі)

№105, №107, №108, №113 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№8 сайлау округі

(орталығы – Қарой ауылы, Мектеп көшесі, 37, ауылдық мәдениет үйі)

№109, №110, №111сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№9 сайлау округі

(орталығы – Желторанғы ауылы, К. Шағырұлы көшесі, 2,

ауылдық мәдениет үйі)

№112, №113, №114, №115 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

 

№10 сайлау округі

(орталығы – Балатопар ауылы, Т. Құлмақанов  көшесі, 8,

ауылдық мәдениет үйі)

№115, №116 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

№11 сайлау округі

(орталығы – Жиделі ауылы, Жамбыл  көшесі, 8, ауылдық мәдениет үйі)

№117, №118 сайлау учаскелерінің  шекараларында

Дата публикации
12 января 2023