Балқаш ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

   2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы    23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының  1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер  6 556 879 мың теңге, оның ішінде:

        салықтық түсімдер 1 615 161 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер 13 242 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 95 434 мың теңге;

          трансферттер түсімі 4 833 042 мың теңге; оның ішінде:

          ағымдағы нысаналы трансферттер 25 899 мың теңге;

          даму трансферттері 1 977 368 мыңге;

          субвенциялар 2 829 775 мың теңге;

        2) шығындар 6 556 879 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу 65 839 мың теңге, оның ішінде:

        бюджеттік кредиттер 107 300 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу 41 461 мың теңге;

        4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті)  (-) 65 839 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               65 839  мың теңге.»

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Ауданның жергілікті атқарушы органның 2023 жылға арналған резерві 9283 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешiм 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

Балқаш аудандық

мәслихатының хатшысы                                                         К. Омаров

 

Дата публикации
11 января 2023