Алматы облысы Балқаш ауданының мәслихатының округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданының мәслихаты 11 округтік сайлау комиссияларының және жаңа құрылған 1 сайлау учаскелерінің сайлау комиссияларын  құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қалалық (аудандық) аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы     12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

Балқаш ауданының мәслихаты

 

Балқаш ауданы мәслихатының хатшысы - К.Т.Омаров.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Балқаш ауданы, Қонаев к-сі, 75

Жауапты тұлға –  Омарұлы Нұржан, № 8 каб., қалааралық телефонкоды (872773), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: , 87074440442, электрондық пошта мекенжайы – maslihat_balhash@mail.ru.

 

 

№ р/с

Сайлау округінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

4

 

Округтік сайлау комиссиялары – 11

 

1.                   

№1

(орталығы – Бірлік ауылы, Рысқұлов көшесі, 19, Бірлік орта мектебі)

№97, №99 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

5

2.                   

№2

(орталығы – Бақбақты  ауылы, Абай көшесі, 12, ауылдық мәдениет үйі)

№98 сайлау учаскесінің  шекарасы

 

5

3.                   

№3

(орталығы – Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 147, аудандық мәдениет үйі)

№98, №101 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

 

5

4.                   

№4

(орталығы – Бақанас ауылы, Алтынсарин көшесі, 21, Б. Бейсекбаев атындағы

орта мектебі)

№100 сайлау учаскесінің  шекарасы

 

5

5.                   

№5

(орталығы – Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75, Бақанас ауылдық округ

әкімшілік ғимараты)

№101, №102 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

5

6.                   

№6

(орталығы – Ақдала ауылы, Қонаев көшесі, 24, ауылдық мәдениет үйі)

№103, №104, №106 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

 

5

7.                   

№7

(орталығы – Ақкөл ауылы, Орталық көшесі, 13, ауылдық мәдениет үйі)

№105, №107, №108, №113 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

5

8.                   

№8

(орталығы – Қарой ауылы, Мектеп көшесі, 37, ауылдық мәдениет үйі)

№109, №110, №111сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

5

9.                   

№9

(орталығы – Желторанғы ауылы, К. Шағырұлы көшесі, 2,

ауылдық мәдениет үйі)

№112, №113, №114, №115 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

5

10.               

№10

(орталығы – Балатопар ауылы, Т. Құлмақанов  көшесі, 8,

ауылдық мәдениет үйі)

№115, №116 сайлау учаскелерінің  шекараларында

 

5

11.               

№11

(орталығы – Жиделі ауылы, Жамбыл  көшесі, 8, ауылдық мәдениет үйі)

№117, №118 сайлау учаскелерінің  шекараларында

5

 

 

 

 

 

                                    Учаскелік сайлау комиссиялары - 1

 

1

       № 987

Бақанас ауылы, Ә. Ахметов көшесі № 14, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балқаш аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының ғимараты.

 

           5

 

 

 

 

Дата публикации
06 января 2023