
Кезектен тыс сессия отырысы өткізілді
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Алтынбек Жәмішжановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІХ сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті бөлім басшылары қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2026-2028 жылдарға арналған Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.