Аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVIII – сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVIII – сессиясы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІІІ сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2026-2028 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы», «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.