
Әкімдіктің мәжіліс залында Байзақ аудандық мәслихатының «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысты аталған комиссияның төрайымы Ермекова Гүлбахрам Серікқызы жүргізді. Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде ауданда мәдени орталықтарды музейді, кітапханаларды жаңарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Шәмшіұлы Сыздықов баяндама жасады.