«Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

(кезекті LXII – сессия)

«Құқық бұзушылық

профилактикасы жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның

құрамы туралы» Байзақ аудандық

мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі

№2-8 шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 12 наурыздағы №5-215 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты шешІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ажибаев Айбек Иткараевич комиссия мүшесі, комиссия хатшысы болып енгізілсін.
  2. Аталған комиссияның хатшысы Сеит Дидар Аятұлының лауазымының атауы «аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы» деген сөздері «аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы» деп өзгертілсін.
  3. Аталған комиссия құрамынан М. Сейтказина шығарылсын.

          Байзақ аудандық

          мәслихат төрағасы                                                                 Б. Ақбаев

 

Дата публикации
26 марта 2026