(кезекті LХІІ – сессия)
«Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің
Байзақ ауданы аумағында «Құқық
бұзушылықтардың алдын – алу және
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету»
саласындағы атқарған жұмысы туралы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес, Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Р.А. Ергеннің аудан аумағында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» саласында атқарған жұмысы туралы баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Талқылау барысында ауданда аталған бағытта бірқатар жұмыстар атқарылғаны атап өтілді.
Жалпы аудан аумағындағы криминогендік ахуал тұрақты бақылауда екені және бірқатар бағыттар бойынша оң нәтижелер бар екенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, соңғы жылдары ауыр және аса ауыр қылмыстардың азаюы, мал ұрлығы мен есірткіге байланысты қылмыстардың төмендеуі профилактикалық жұмыстардың нәтижесі деп айтуға болады.
Сонымен қатар, есепте бірқатар алаңдататын мәселелер де байқалады. Мәселен, интернет алаяқтық қылмыстарының жылдан жылға артуы, көшелерде жасалатын қылмыстардың көбеюі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың өсуі ерекше назар аударуды қажет етеді.
Бүгінгі күні аудан аумағында 48 білім беру ұйымына небәрі 8 ювеналдық полиция инспекторы қызмет көрсетіп отыр. Бұл профилактикалық жұмыстарды толық көлемде жүргізуге белгілі бір деңгейде қиындық туғызатыны анық.
Сонымен қатар, полиция тірек пункттерінің бір бөлігі қазіргі талаптарға толық сәйкес келмейтіні де айтылды. Сондықтан олардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесіне де көңіл бөлу қажет деп есептеймін.
Осыған байланысты аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейту, әсіресе интернет алаяқтық, жасөспірімдер қылмысы және көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдау қажет.
Қорытындылай келе, құқықтық тәртіпті сақтау – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті, және осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасуы тиіс.
Байзақ аудандық мәслихат, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты аудандық полиция бөлімінің 2023–2025 жылдар аралығындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстары туралы есебін тыңдап, талқылай келе Байзақ аудандық мәслихаты шешім қабылдады:
1) аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту;
2) интернет алаяқтық, мүліктік қылмыстар және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру және алдын алу шараларын кеңейту;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды күшейту;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстарды жалғастыру;
5) құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимылын күшейту ұсынылсын.
1) аудан аумағындағы полиция тірек пункттерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесін қарастыру;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында ювеналдық полиция инспекторларының қызметін күшейту мәселесін қарастыру ұсынылсын;
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев