«Аудан әкімдігі жанындағы
кәмелетке толмағандардың
істері және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссия туралы»
Байзақ аудандық мәслихатының
2025 жылғы 21 тамыздағы №48-7
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 12 ақпандағы №2-128 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына Байзақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Унетаев Нүркен Наятұлы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының міндетін атқарушы Ажибаев Айбек Иткараевич комиссия мүшесі болып енгізілсін.
- Аталған комиссия құрамынан Ж. Үсенбаев, М. Сейтказина шығарылсын.
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев