«Азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
бiлiм беру, мәдениет және спорт
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы»
Байзақ аудандық мәслихатының
2016 жылғы 22 маусымдағы №4-10
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімінің 2026 жылғы 3 ақпандағы №11-89 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-10 шешіміне келесі өзерістер енгізілсін:
шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда келісілсін.
2) Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» №57-8 шешімінің күші жойылсын.
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев