«Байзақ аудандық жер комиссиясын құру туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы №45-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Байзақ аудандық жер комиссиясын

құру туралы» Байзақ аудандық

мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы

№45-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы                                                                  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және      өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №9-45 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамына Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қабылбеков Самат Елепбайұлы комиссия төрағасы, Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Тасеменов Айбек Жаханбайұлы комиссия мүшесі, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Момынов Бағдат Ошақбайұлы комиссия мүшесі (келісім бойынша) енгізілсін.

2. Аталған комиссия құрамынан Қ.Бүркітәлиев, Қ.Үкібаева, К.Мелдебекова шығарылсын.

         

Байзақ аудандық мәслихат

төрағасының міндетін атқарушы                                         А. Жәмішжанов 

Дата публикации
27 января 2026