Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы

Халықты жұмыспен қамту

мәселелері жөніндегі аудандық

комиссияның құрамы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Бүркітәлиевтің 2026 жылғы 15 қаңтардағы   №11-35 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссия төмендегі құрамда бекітілсін:

Қасымов

Рүстем Қалмұхамбетұлы

- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Саққұлова

Әлия Бағысбекқызы

- аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Биторсыхова

Индира Өмірәліқызы

- аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Жақыпбеков

Дулат Бекбосынұлы

- аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Сейдаханов

Ерлан Сейдаханұлы

- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  Байзақ аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы (келісім бойынша);

Ермеков

Елнұрбек Сайланбекұлы

 

- «Білім қызметкерлері кәсіподағының Байзақ аудандық комитеті» филиалының төрағасы (келісім бойынша);

Тлепов

Нұржан Сейдазымұлы

- Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығының Байзақ ауданы бойынша Мансаптық орталығы филиалының директоры, (келісім бойынша);

Күзембеков

Біржан Мықтыбекұлы

- Жамбыл облысының Кәсіпкерлер  палатасының Байзақ ауданындағы   филиалының директоры, (келісім бойынша).

2. «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы №42-10 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

 

          Байзақ аудандық мәслихат

          төрағасының міндетін атқарушы                    А. Жәмішжанов

Дата публикации
27 января 2026