«Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы №42-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы

аудандық терроризмге қарсы

комиссияның құрамы туралы»

Байзақ аудандық мәслихатының

2025 жылғы 26 наурыздағы №42-9

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы №1-21 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Қарымсақов Әлімхан Айдарханұлы комиссия мүшесі (келісімі бойынша), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сейдаханов Ерлан Сейдаханұлы комиссия мүшесі (келісімі бойынша), Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Тасеменов Айбек Жаханбайұлы комиссия мүшесі, Байзақ аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Аруанов Жалғас Әлмаханұлы комиссия мүшесі болып енгізілсін.

2. Аталған комиссия құрамынан Д. Нұралиев, Н. Мамырбаев, Қ. Телеуов, М. Қозбаев шығарылсын.

 

          Байзақ аудандық мәслихат

          төрағасының міндетін атқарушы                     А. Жәмішжанов

Дата публикации
27 января 2026