«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушінің, мемлекеттік сорт сынау
учаскесі мен станциясының әрқайсысы
бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
түрлері бойынша тұқымның сапасына
зерттеулер жүргізу, санын айқындау
жөніндегі ведомствоаралық қомиссияның
құрамын бекіту туралы» Байзақ аудандық
мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№59-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №16-1857 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, мемлекеттік сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу, санын айқындау жөніндегі ведомствоаралық қомиссияның құрамына аудан әкімінің орынбасары Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы комиссия төрағасы, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әбітхан Әбіш Сейтжанұлы комиссия хатшысы, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Байзақ аудандық филиалының директоры Кузембеков Біржан Мықтыбекұлы комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін.
- Аталған комиссия құрамынан Б. Сағынбеков, Ж. Бисмаков, А. Тауасарова шығарылсын.
Байзақ аудандық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы А. Жәмішжанов