2025 - 2029 жылдарға арналған Жамбыл облысы Байзақ ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2025 - 2029 жылдарға арналған бағдарлама осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев