Байзақ аудандық мәслихат
аппаратының құрылымы
мен штаты туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаты 1 қосымшаға және аудандық мәслихат аппаратындағы штаттан тыс лауазымдар тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса беріледі).
2. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қызметкерлердің еңбекақы қорын белгілеуді, аудандық мәслихат аппаратын материалдық – техникалық қамтамасыз етуге арналған шығындарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 8 және 25 баптарына сәйкес жүргізу ұсынылсын.
3. 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап осы шешім күшіне енгізілсін.
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев