2026 – 2028 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 8090520 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6044859 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 109048 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 52000 мың теңге;
трансферттер түсiмі – 1884613 мың теңге;
2) шығындар – 8090520 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 168941 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 233550 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 64609 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 168941 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 168941 мың теңге.
2. 2026-2028 жылдарға ауылдық округтердің бюджетінен аудандық бюджетке алып қоюлар мөлшері 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Байзақ аудандық мәслихат төрағасы |
|
Б. Ақбаев |