«Құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы туралы» Байзақ аудандық
мәслихаттың 2023 жылғы 28 сәуірдегі
№2-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, аудан әкімінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №5-1768 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
|
Қарымсақов Әлімхан Айдарханұлы |
-Байзақ ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
|
Аруанов Жалғас Әлмаханұлы |
-аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, комиссия мүшесі; |
2. Аталған комиссия құрамынан Т. Джумалбеков, М. Қозбаев шығарылсын.
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев