(кезекті XLVIII – сессия)
«Байзақ ауданының «Құрметті
азаматы» атағына ұсыныс енгізу
жөніндегі комиссияның құрамын
бекіту туралы» Байзақ аудандық
мәслихаттың 2020 жылғы 18
наурыздағы №63-8 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №2-1359 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Байзақ ауданының «Құрметті азаматы» атағына ұсыныс енгізу жөніндегі комиссияның құрамына аудан әкімінің орынбасары Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы комиссия төрағасы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Унетаев Кенжебек Наятұлы комиссия хатшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров Бердібек комиссия мүшесі (келісім бойынша), аудандық түрік этномәдени орталығының жетекшісі Аббасов Сабуржан Насырұлы комиссия мүшесі (келісім бойынша), аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Есіргенов Нұржан Аталбайұлы комиссия мүшесі болып енгізілсін.
- Аталған комиссия құрамынан Д. Жақыпбеков, Э. Танашева, С. Ермеков, А. Үкібаев, М. Раджанов шығарылсын.
- Комиссия хатшысы Асанқұлова Жанат Жолдасбекқызы аудан әкімі аппаратының персоналды-басқару қызметі бөлімшесінің басшысы комиссия мүшесі болып өзгертілсін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б. Ақбаев