Аудан әкімінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі

(кезекті ХLVIII – сессия)

Аудан әкімінің функциялары

мен міндеттерін орындауы

жөніндегі есебі

 

Аудандық мәслихат аудан әкімі О. Баққараевтың «Аудан әкімінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебін» тыңдап, талқылай келе, оның өз қызметін мемлекет басшысының тапсырмалары мен сайлауалды бағдарламалар аясында жүйелі түрде атқарғанын атап өтті.        

Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,2%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 205,4%-ды, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 116,5%-ға, ауыл шаруашылығы саласында өсім 106,6% құрады. Тек бөлшек сауда айналымы көрсеткіші 96,1%-ды,  құрылыс жұмыстарының көлемі 78,0%-ды құрады.

Ауыл шаруашылық саласында 2025 жылға жалпы құны                                          10,1 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге орындалған жобалар саны 9.

Атап айтқанда:

1) Жалғызтөбе ауылдық округінде «Жетібай» шаруа қожалығы су үнемдеу технологиясы 1 060 млн. теңге;

2) Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Мәді» ШҚ мал бордақылау алаңы 10 млн. теңге;

3) Көптерек ауылында «Кежебай Ата» ШҚ мал бордықлау алаңы 30 млн. теңге;

4) Сазтерек ауылдық округінде «Асқат» ШҚ мал бордақылау алаңы 60 млн. теңге, 5) «Бапыш-Сейсенбай» ШҚ мал бордақылау алаңы 150 млн. теңге;

6) Темірбек ауылдық округінде «Дәулет» ШҚ 200 млн. теңгеге жылыжай;

7) Түймекент ауылдық округінде «Жамалбек» ШҚ 9,2 млн. теңгеге мал бордақылау алаңы.

8) Темірбек ауылдық округінде «Дәулет» ШҚ  20 млн. теңгеге жылыжай;

9) Түймекент ауылдық округінде «Жамалбек» ШҚ 9,2 млн. теңгеге мал бордақылау алаңы.

Қалған 59 жоба орындалу үстінде, жыл аяғына дейін орындалу жоспарлануда.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес 201 адам (оның ішінде, 112 адам тұрақты, 89 адам уақытша) жұмыспен қамту жоспарлануда.

Туризм саласы бойынша - 1 жоба. 500,0 млн. теңге – 15 жаңа жұмыс орны.

Аудан аумағынан «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді (49 шақырым жол аудан аумағында).

Аудан аумағында Қостөбе қалашығы, Түймекент қалашығы,

Қарасай петроглифтері, Байзақ датқа кесенесі бар.

Аудан аумағында Қостөбе а/о аумағынан «Мухиев Е.» ЖК демалыс орталығын ашу жоспарлануда. Жоба құны 500 млн. теңге, қабылдау мүмкіндігі 400 адам.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 9 863. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрғаны 9 087 немесе 92,1%.  Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2024 жылы «Біріңғай кешенді бағдарлама» аясында 3,2 млрд. теңгеге 172 жоба қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы саласында.

2025 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімі, 17,9 млрд. теңгені құрады (о.і. өсімдік шаруашылығы - 285,0 млн. тг., мал шаруашылығы - 17,6 млрд. тг. ) және 2025 жылдың қорытындысымен 73,7 млрд. тг. құрайды деп күтілуде. 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы
54 441 га. алқапқа орналастырылған болса, 2025 жылы жалпы
56 500 гектар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) егістік алқабы игеріліп, дақылдар орналастырылды.

2025 жылдың IІ-ші тоқсанының қорытындысымен ауданда 15,0 мың тонна (тірі салмақта) ет, 10,9 мың тонна сүт және
4,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Аудан бойынша (2025 жылдың 1–қаңтарына) барлығы 1119 әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі егіс-дала науқанына 868 техника қатысты. Жиналған мәліметтер бойынша 514 трактор, 206 соқа, 68 қопсытқыш, 68 дән сепкіш және 6 дана тұқым дәрілегіш техникалары жұмылдырылды.

2025 жылы аудан бойынша 23 шаруашылық жалпы құны 784,9 млн. теңге тұратын 29 жаңа техникалар сатып алды (оның ішінде 2-комбайн, 27-трактор). Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 3,6% құрап отыр.

2024 жылы су үнемдеу технологиясы 7 302 гектарға енгізілді. 2025 жылға 4 800 га. (2100 га тамшылатып, 750 га жаңбырлатып, 1950 га лазерлік жоспарлаушы) алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланды. Бүгінгі күнге 1230 га. алқапқа тамшылатып, 250 га. жаңбырлатып, 650 га. алқап лазерлік жоспарлаушы қолданылды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несилендіру жұмыстары да атқарылуда. 2025 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалық жалпы сомасы 76,9 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 16 шаруашылыққа
966,5 млн. теңге

Сонымен қатар, 2 шаруа қожалықтың 8,3 млн. теңгеге өтінімдері қаралуда.

2025 жылы (73,7 млрд. тг.) ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін, 2024 жылмен (69,9 млрд. тг.) салыстырғанда
7,5 пайызға арттыру жоспарлануда. Мал шаруашылығында  ет 27,8 мың тн., сүт 30,0 мың тн., жұмыртқа 13,7 млн. дана өнім алу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін 6,5 пайызға жеткізу және ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемін 10,1 млрд. теңге тарту жоспарлануда.

Ауданда тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Жаңа массивтер мен көпқабатты үйлер бой көтеруде. 2025 жылдың ІІ-ші тоқсанының қорытындысымен барлығы 16,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл қорытындысымен 39,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылы 60 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пайдалануға берілді (құны 2,5 млрд. теңге). Сонымен қатар, 2024 жылы құны 1,6 млрд. теңге болатын
2 тұрғын үй сатып алынып, 2025 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға пайдалануға берілді. Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 343 адам тұр. Жалпы аудан бойынша 14 880 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр.2025 жылы Сарыкемер ауылынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 40 пәтердің құрылысы аяқталды (құны 549 млн. тг.). Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Ұлттық қоры қаражатының, сондай-ақ тартылған нарықтық қаражаты есебінен облигациялық қарыздарды беру жолымен ағымдағы жылы Байзақ ауданы аумағында кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салу/сатып алуға қосымша 180 пәтерге 2 823,5 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ауданда бірқатар шаралар атқарылуда. 40 елді мекеннің 38 елді мекені ауыз сумен қамтылған, бұл 91,4 мың адам немесе 96,0% құрады (39 елді мекенге «Байзақ су» КММ қызмет көрсетсе, ал Қайнар елді мекенінің тұрғындарына әскери бөлімше арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде).Ағымдағы жылы 3 елді мекенде яғни Төрткөл, Жаңасаз және Қосақ ауылдарындағы М.Мәметова көшесін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде (898,1 млн. теңге). Нәтижесінде ағымдағы жылы аудан халқын таза ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жеткізілетін болады.

Аудандағы 40 елді мекен 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Аудан аумағында жалпы 139,0 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 397,6 шақырымды құрайтын 407 елді мекен көшелері орналасқан. Аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 98%-ды (2024 ж. - 95%), елді мекен көшелері 93%-ды (2024 ж. - 92,3%) құрайды. «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес «Сарыкемер-Мырзатай» бағытындағы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 303,1 млн. теңге қаржы қарастырылып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы «Ауыл Ел-бесігі» жобасы шеңберінде 38,4 шақырымды құрайтын 11 жоба 7 елді мекенді қамтып 45 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99%-ды, елді мекен көшелері 95%-ды құрайтын болады. Әлеуметтік салаға тоқталар болсам.

Ауданда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылардың және жұмысқа жолданғандардың 2025 жылға жоспары 4 691 адам, бүгінгі күнге орындалуы 2 894 адам. Жұмыс іздеуші ретінде қайырылғандар 3 322 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны – 1 705 адам.

Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 1 665 адамы бар 262 отбасы тұрады (1,7%). Мемлекеттік АӘК-ке бюджеттен 273,2 млн. теңге қаржы бөлінген. 2024 жылы 456 отбасының 2788 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасқа дейінгі 915 балаға кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеміне 590,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 262 отбасының 1665 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 90,0 млн. теңге тағайындалды.

Ауданда 44 білім беретін мектеп, 52 мектепке дейінгі ұйым, 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, 6 мектептен тыс мекеме және 1 колледж жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Сарыкемер ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. 2024-2025 жылы жаңа 2 мектеп құрылысы және Қосақ ауылындағы мектепке қосымша құрылысы. (Сарыбарақ ауылында- 100, Аққия ауылында- 100 орындық және Қосақ негізгі мектебіне спорт зал және асхана құрылысы) жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Ауданда үш ауысымдағы мектеп жоқ.

Аудан бойынша 44 емдеу мекемелері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.  Аудандық емхана 250 тұрғынды қабылдауға арналған. Байзақ аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күнде барлығы 1 139 адам қызмет атқаруда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, Дихан-2, Базарбай және Тегістік ауылдарына фельдшерлік-акушерлік тіректерінің және Қызыл жұлдыз ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылдың наурыз айында ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. 2026 жылы аудан орталығы Сарыкемер ауылында 200 төсектік орынға арналған орталық аурухана құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, 4,5 га. жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Ауданда 266 спорт нысаны бар. 2025 жылдың ІІ-ші тоқсанының қорытындысымен 254 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 27 630 адам қамтылды. 2024 жылы Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттен жалпы құны 44,9 млн. теңгеге 6 кіші футбол алаңы 1 құрамдастырылған спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Сарыкемер ауылында сомасы 324,7 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жуық арада пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 3 кіші футбол алаңы құрылысы, 3 кіші футбол алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары және 2 балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілде.

Аудан бойынша 48 мәдениет нысандары халыққа қызмет көрсетеді. Мәдениет ошақтарында 2025 жылы 418 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 48 824 адам қатысты. 2025 жылы Мырзатай ауылынан 120 орындық ауылдық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып ел игілігіне берілді. Жастарды әлеуметтендіру жайы назардан тыс қалмайды. Ауданда 27 724 жас бар (аудан халқының 29,1%). 2025 жылдың IІ-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,2%-ды құрады (уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі - 0,04%-ды құрады). 2025 жылы ІI-ші тоқсанында 944 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Ауданда өзекті мәселелер мен қолға алынған ілкім істер ауданның 3 жылдық даму картасында айқын көрсетілмек.

2025 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі әлеуметтік көрсеткіштері атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 101,0 %-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 101,4 %-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 102,7%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 164,1%-ды құраса, ауыл шаруашылығы саласында өсім 107,5%-ды, сауда саласында бөлшек сауда 103,2 %-ды, құрайды деп күтілуде.

Аудан  әкімінің өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебін тыңдап, талқылай келе аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімі О. Е. Баққараевтың « Аудан әкімінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі» назарға алынсын.
  2. Аудан әкіміне:

- Бюджет қаражатының мақсатты, тиімді және уақтылы игерілуіне бақылауды күшейтіп, игеруде заң бұзушылықтарға жол бермеу;

- мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының орындалуын бақылауды күшейту;

– өнеркәсіп өндірісінің төмендеуіне жол бермеу және оның көлемін арттыру шараларын қолға алу;

– негізгі капиталға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту мақсатында жаңа жобалар мен инвестициялық ұсыныстарды  әзірлеп, іске асыру жұмыстарын жандандыру; 

– бөлшек сауда айналымы көрсеткішінің төмендеу себептерін зерделеп, сауда саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің есептілікті уақытылы тапсыруын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдау; 

– суды үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды пайдалану ауқымын кеңейту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігінің артуына қол жеткізу;

– кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың алдын - алу жұмыстарын жетілдіруге ауданның білім беру мекемелерін және жастар тәрбиесіне қатысты мекемелерді толық жұмылдыру;

– аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастарды спортқа баулу, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысын жетілдіруді бақылауда ұстау;

– Құқық қорғау органдарының жұмысын қатаң бақылауға алып, қылмыстың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту бағытындағы шаралардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын ұйымдастыру ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                        Б. Ақбаев

 

Дата публикации
25 августа 2025